» » Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез – бұл инфекциялық ауру, қоздырғышы – Кох таяқшасы. Бұл өкпенің және лимфа түйіндерінің ерекше қабынуымен, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының – сүйектердің, мидың, терінің, көздің зақымдануымен жүретін жұқпалы ауру. Ол қоршаған ортаға ауру адамнан бөлінген бөліністер арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде адамнан адамға ауа тамшылы жолмен жұғады. Жұқтыру үшін адамға бактериялардың аз ғана мөлшерімен дем алғаны жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, олар көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті, олар сол жерде жылдар бойы өмір сүруге қабілетті.
Туберкулез аурушаңдық деңгейін салыстыратын болсақ, аудан бойынша эпидемиологиялық ахуал 2023 жылы 21 науқас тіркелген, 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін 21 науқас тіркеліп отыр. Аурушаңдық деңгейі екі жылда да бір деңгейде. 2024 жылы тіркелген туберкулез науқастарының ішінде 2 науқас 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, барлығы уақытылы ем алуда.
Бұл аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын сақтау (мысалы шылым шекпеу, алкогольге әуес болмау, т.б.), күн тәртібін дұрыс құру және ағзаны шынықтыру қажет. Сонымен қатар таза ауада серуендеу, демалыс пен еңбек жүктемесін дұрыс үйлесімді, толыққанды қалыптастыру, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақытылы ұйқы да маңызды. Міндетті түрде жеке бас гигиена ережесін сақтау қажет. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде екпе алу және 6-7 жаста қайта вакцинациялау орындалуы тиіс.
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
05 шілде 2024 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930