» » «Жедел респираторлы вирусты инфекциясы және тұмау» ауруларының эпидемиологиялық ахуалы мен алдын алу шаралары туралы

«Жедел респираторлы вирусты инфекциясы және тұмау» ауруларының эпидемиологиялық ахуалы мен алдын алу шаралары туралы

Қармақшы ауданы бойынша 2023жылдың қорытындысымен Жедел респираторлы инфекциямен 3357 адам медициналық көмекке жүгінген оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 1280 жағдай болса, қалған 236 сы 15-17 жас жасөспірімдер арасында тіркеліп, оьлыстық вирусологиялық зертхана қорытындысымен 3 тұмау ауруы анықталды.
Биылғы жылы жыл басынан 725 жедел респираторлы инфекциясы есепке алынды оның ішінде 406 балалардың, қалған 87 і жасөспірімдердің үлесінде болып отыр.
Тұмау ауруының белгілері;
Науқас адамда дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық еттің сонымен қатар тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік белгілері болады. Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат дер кезінде емдік шараларды жүргізбесе өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Сондай-ақ, бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздыратын инфекция болып табылады.
Тұмау ауруының алдын алу шараларына тоқталсақ;
Науқас адаммен байланыста болмауға тырысу керек,науқас адаммен байланыста болғанда міндетті түрде бетперде тағу қажет.
Инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жиі жуу керек.
Жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу қажет.
көп адам жиналған жерде болмауға тырысу және үйде бөлменің ауасын жиі тазарту яғни бөлмені жиі терезе арқылы желдету қажет.
Есіңізде болсын, инфекция лас қолдар арқылы оңай өтеді Адам қолдары күніне кемінде 300 рет мұрын мен көзден бөлінетін сілекеймен байланысады. Қол алысқанда, есік тұтқалары, басқа заттар арқылы вирустар сау адамдардың қолына, сол жерден мұрынға, көзге, ауызға өтеді.Сол себепті Қолды жиі жуу керек, әсіресе ауру немесе науқасқа күтім жасау кезінде.
Сонымен қатар тұмау ауруынан қорғану жолдарының бірі Тұмауға қарсы екпе салдыру. Тұмау мерзімі басталғанға дейінгі ең тиімді әдіс – вакцина салдыру.
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
19 қараша 2024 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 098

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031