» » Эхинококкоз ауруының алдын алу

Эхинококкоз ауруының алдын алу

Эхинококкоз-паразитарлық індет. Қоздырғыштары – таспалы гельминттер. Эхинококкоз адам үшін де өте қауіпті ауру. Адам абайсыз жеміс-жидек, өсімдіктермен, сумен, тағамдармен құрттың жұмыртқасын жұтып қойғанда ауруға шалдығады.
Ауру қоздырғышы негізінен иттен, шибөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Эхинококк құрты өте жәй өсетіндігі салдарынан сырқат белгілері біртіндеп білінеді, ауру бірнеше жылға созылады. Негізінен адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін инфекция көзі қоздырғыштың микроскопиялық жұмыртқаларын сыртқы ортаға бөлетін жұқпалы иттер болып табылады. Жұмыртқалар иттердің жүнінде, олардың нәжістерінде, жерде немесе шөптерде (ит жатқан жерде), ашық су қоймалары суында (иттердің нәжістері түсуі мүмкін) болуы мүмкін.
2024 жылдың бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 2 эхинококкоз ауруы тіркелді. Тіркелген науқастардың кәсіби құрамына сәйкес: 1 науқас-жұмыссыз, 1 науқас-зейнеткер. Науқастар уақытылы ем қабылдаған. Басқарма тарапынан алдағы уақытта ауру тіркелуін болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы паразиттерді жұқтырып алмас үшін бірнеше ережелерді сақтауға кеңес береді:
-қарапайым жеке бас гигенасын сақтау, көшеден келгеннен кейін, тамақтанар алдында, ақшамен, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;
-қаңғыбас иттерге жақындамау, үй жануарлары бар болса жүйелі түрде ветеринариялық клиникаға тексертіп отыру. Міндетті түрде жануарды дегельминтизациялаудан өткізіп отыру.
-аурудың белгілері байқалған болса, дәрігер көмегіне жүгіну.
Қарапайым алдын алу шараларын сақтау денсаулықты сақтауға және ауруды болдырмауға көмектеседі.
Өмір негізі-денсаулық, денсаулық негізі-тазалық екенін әрқашан жадыңызда ұстаған абзал.
Төлепбергенова Гүлнар Мәлікқызы,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.
22 қазан 2024 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930