» » Эхинококкоз ауруының алдын алу

Эхинококкоз ауруының алдын алу

Эхинококкозз – үй  жануары  арқылы тасымалданатын паразитті  ауру. Паразит жануардың ішінде бірнеше даму сатысынан өтіп, содан соң жануардың нәжісімен жерге түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады. Онкосфералар  ауа  температурасының  өзгерістеріне  берік әрі сыртқы ортаға бейімделгіш болып келеді. Адамдар көбінесе, үй жануарларымен  қарым-қатынас  кезінде, жануарлардың жүні,  шаң-тозаң, су      арқылы жұқтырады. Егер паразит тамақпен  бірге ағзаға түссе, бауыр эхинококкозы, егер ауа арқылы тараса өкпенің эхинококкозы болып табылады. Аурудың  белгілері көбінесе  байқалмайды, эхинококк өсіндісі өкпені  рентгенологиялық  немесе  бауырды  ультрадыбыстық  зерттеу  кезінде  анықталып жатады. Адамдарда   эхинококкоз  ауруы  анықталған   жағдайда, барлық  отбасы  мүшелерін  тұрғылықты  жер  бойынша  емханада   тексеруден  өткізу  қажет.  Қандай  алдын  алу шараларын  қолға алу қажет?  Жеке  гигиенаға, әсіресе қол тазалығына аса көңіл  бөлу  қажет. Үй жануарларын, ауылдық  жерлерде  ірі  қара  малды  ішек-құрттарынан тазарту   шараларын атқару  қажет.    Жануарларды уақтылы  ветеринарлық тексеруден өткізіліп, олардың  қалдықтарын  жойылуы, жануар  өнімдерін  жеткілікті  мөлшерде термиялық өңдеуден  өткізу  қажет.  Ветеринарлық қызметтің  жұмысын жақсарту, үй  жануарларын  эхинококкоз  ауруын жұқтыруын бақылауға  алу, бұралқы иттер  мен  мысықтарды   санын  азайту, тұрғындардың  өмір  сүру  дағдысын, санитарлық  білімі  және  жеке  гигиенаны  сақтау  мәдениетін арттыру  қажет.
А.ЖАНҒАБЫЛОВА,
ҚР ДСМ СЭБК  «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының  Қармақшы аудандық бөлімшесінің
бактериологиялық және паразитологиялық
зертхасының  лаборанты  
19 тамыз 2024 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930