» » Электр қондырғыларын пайдалану ережелері

Электр қондырғыларын пайдалану ережелері

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторларда, яғни өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Себептері де әртүрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады. Олар отты абайсыз қолдану, пештің ақаулығы, электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, балаларды қараусыз қалдыру.
Өрт оқиғаларына басты себепші – электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жайттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу – өте қауіпті.
Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.
Өртті сөндірудің негізгі құралы – су. Ол электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм – өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті жанғыш затты салқындатады.
Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде. Ол жанған затты толығымен тығыз жабады және оған ауа жібермейді.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі. Ұнтақты өрт сөндіргіштер тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, газдардың, ағаш өнімдерінің, тоқ қысымында тұрған электр сымдардың, сілтілі металлдар мен өздігінен жану қасиеті бар басқа да заттардың жануын сөндіру үшін қолданылады.
Адам өмірі мен денсаулығын, меншікті өрттен қорғау, өрттің алдын алу, болдырмау мақсатында «өрт қауіпсіздік ережесі» талаптарының сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз. Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «112» телефондарына хабарласыңыздар.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
27 мамыр 2024 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031