» » Өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді

Өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы №105 мектеп-лицейінде 7-8 сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді.
Қармақшы ауданы өрт қызметінің алдын алу бөлімінің мамандары кездесуге арнайы қатысып, қоғамдағы өрт ережелерімен таныстырды.
Кездесу барысында өрттің адам өмірі үшін зияндылығы мен зардабы туралы сала мамандары мағлұматтар беріп, арнайы дайындалған бейнероликтер мен слайд көрсетілді.
Өрт оқиғалары негізінен тұрғын үй секторларында туындайды.
Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Кездесуде оқушылар сала мамандарына өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Кездесуді мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
А.Қозыбақов қорытындылады.
09 желтоқсан 2022 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930