Тұрғын үйдегі өрттің алдын алайық!
qarmaqshy-tany.kz Аудан көлемінде тұрғын үйлерде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады. Жылу беру маусымында тұрғын үйлерде от жағу пештерінің ақауы салдарынан орын алатын өрт оқиғасы мен газдан улану факторларының алдын алған жөн. Электр қыздырғыш құралдарын пайдалану, қолдан жасалған, істен шыққан электр жылыту пештерін, тұрғын үйлердегі пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау салдарының соңы өрт оқиғасына ұласуда.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтау қажет:
1. Жылу беру маусымында пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Жарамсыз пештер мен басқа да жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады;
2. Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
3. Электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде қолданып, перделер мен жиhаздардан алшақ, жанбайтын тіреулерде орнатыңыз;
4. Электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеп соқтырады;
5. Қолдан жасалған қыздырғыш электр аспаптарын, қуаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау үшін калибрленбеген ерігіш ендірмелерді және басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;
6. Үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаңыз;
7. Үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
8. Сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
9. Балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз;
10. Тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өртеу жұмыстарын жүргізбеңіз;
11. Автокөліктің электр сымдарының жарамдылығын мамандармен қарау жүргізу.
Барлық тұрғындарды тұрғын үйдегі және басқа да орындардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырамыз. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101», «112» немесе «2-12-85» нөмірлеріне хабарласу керек.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі