» » Өрттен келер қауіп көп

Өрттен келер қауіп көп


Күз мезгілі келісімен от жағу науқаны басталады. Жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары жиі кездесіп жатады.
Қыстың күні ауа-райы суық болған кезде үйді жылыту үшін от шамадан тыс көп жағылып, тозығы жеткен, дұрыс күтім жасалмаған ескі жылу пештерінің, сондай-ақ, дұрыс соғылмаған жылу пештерінен көмір қышқыл газ бөлініп қайғылы оқиғаларға дейін әкеліп соғуда.
Осыған орай, жылу беру маусымында адам қазасына жол бермеу және материалдық шығынды, келеңсіз жағдайларды болдырмай алдын алу үшін жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігінің талаптарын қатаң сақтау сұралады.
Негізінен ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып отыру қажет. Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылады. Үйдің қабырғасы және жабуы қималарындағы жанбалы құрылыс материалдары мен түтін жолы аралығында бос аралық (противопожарная разделка) кесекпен қаланған көлемі 38 сантиметр, отқа қарсы төзімділік құраммен өңделген қорғағыш пайдаланғанда 25 сантиметрге дейін бос аралық қалдырылуы тиіс. Жылу пешінің алдындағы еден көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылу пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды. Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бір қатар кесек өріліп, батпақпен сыланып, содан кейін темір пеш орнатылады. Ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздардан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 метр қашықтықта орнатылуы тиіс.
«Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. Дұрыс салынбаған жылу пешінен, қыстың күні боранда пештің тартпай қалуы немесе саңылауларынан от қашуы салдарынан өрт шығу қаупі болады. Пеш дұрыс жанбаған, түтін жолдары тартпаған немесе жан-жағынан жалын қашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс.

Құрметті кент тұрғындары!

Айтылған ескертпелер, мысалдар Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін. Сондықтан өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтағандарыңыз абзал!

Жосалы кентінің әкімшілігі

15 қазан 2021 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 245

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 347

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930