» » Күнделік жазу керек пе?

Күнделік жазу керек пе?

Университет оқып жүрген кезде «лингвистикадан» сабақ беретін ағайымыз болды. Бір кісідей қатал болатын. Басқа сабақтан «5»-ке оқитын студенттер осы сабақтан сәл іркіліп қалып, төрттің жоғары балын әрең алып жүретінбіз. Сондай сабақ оқып жүрген сәттердің бірінде студенттік өзіндік жұмысынан (СӨЖ деп айтамыз) тапсырма беріп, ағай оны қолмен жазуды қатаң қадағалайтынын айтты. Бізге компьютерге тере салып, көшіру оңай жол еді. Тапсырма болған соң орындадық. Арасында ақысын беріп, жаздырып алғандар да бар. Кезекпен сұрай бастады. Жазғанымыздың ішінен сұрақтар қойып бір тексеріп алды. Өзі жазғандар тосылмады, суша сайрады. Маған қойылған сұраққа да дөп жауап бердім.


Кейіннен ағай жазған дүниенің ұмытылмайтынын, көз арқылы еске сақтаудың біраз артықшылығын айтып берді. Қолмен жазудың тиімділігін осы кезден бастап түсініп, оны өмірде әлі күнге дейін қолданып келемін. Тіпті әрі қарай да жетілдіріп жүрген жайым бар. Жалпы қолға қалам алып жазудың оның ішінде күнделік  жүргізудің нендей пайдасы бар?

Көп дүниені миға сақтап, оған ауыр жүк артып аламыз. Мұндайда мидағы салмақты жеңілдетудің жолы – жазу. Күнделік жазуда арнайы бір ереже жоқ. Не қаласаңыз, соны жаза аласыз. Арман дейсіз бе, жоспар ма, тіпті сезімдерді барлығын жазуға болады. Бұл ойды тазартуға, эмоцияны басқаруға, өзіңмен жұмыс істеп дамуға оң әсерін береді. Сондай-ақ күнделікті күйбеңнен арылтып, шығармашылық қабілетті шыңдайды.

Өз ойымызды түсіне отырып, біз оны өзгерте аламыз. Күн сайын таңертең ұйқыдан оянған шақта ми идеяға толып тұрады. Бүгін не істеймін, кеше не істедім деген сұрақтар мазалайтыны анық. Ойымызды сыртқа шығарып тастаудың пайдасы зор. Сол үшін күнделік жүргізу керек-ақ. Жеке күнделік болғандықтан, ол беттерде өзіміздің бір бөлшегіміз бар десек те болады. Сондықтан оны әркім өз еркінше пайдаланады. Біреулер күнделікті ішіндегі сырын айтуға болатын адал досындай көреді. Ал, енді біреулер үшін өмірлік естеліктерін жазатын дәптер болса, енді бірі оны өткен өмірге көз жүгіртіп, қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін құрал ретінде біледі.

Тұрмыста маңызды деген істерге уақыт жетпей жатқанда күнделік жазуға қалай уақыт табамыз? дейтіндер де табылар. Әрине, бос уақыт міндетті түрде болады. Бірақ оны жұмысқа айналдырудың қажеті жоқ. Дұрысы – қай кезде жазғыңыз келсе, сол кезде жазамын деген ой қалыптасса болғаны. Әйтпесе, бұл іс мезі етіп жіберуі мүмкін.

Жеке күнделік – кез келген уақытта біреу тауып алуы мүмкін зат. Егер біреудің көргенін қаламасаңыз ешкім ойламаған жерге тығыңыз. Біліп қойған жағдайда да аса ұяла қоймайтын оқиғаларды ғана жазыңыз. Ал егер алда-жалда сондай күнделік секілді бір дүниені көзіңіз салса, біреудің дүниесіне қол сұғып, ашып қарамағаныңыз абзал.

Күнделікті не үшін жазамын деп ойлауы мүмкін көбі. Қарапайым дүкенге барардың алдында керек-жарақты қағаз бетіне түсіреміз ғой. Соған қарап, қажетімізді алып қайтамыз. Алуымыз тиіс зат сол қағазға түспей қалса, қалып қойып жатады. Осындайда «қап» деп өкініп қалатын жайт сіздерде де болатын шығар. Сол секілді жазу арқылы өзімізді ретке келтіреміз. Ол жерде ашу, ыза, кек сынды жағымсыз эмоцияны сыртқа шығарамыз. Ешкімге айта алмаған сырды жайып салуға да мүмкіндік бар. Бір сергіп қаларыңыз анық. Сонымен қатар, өткен күндері не істегеніңізді оқу арқылы да өзіңізге сырттай баға беріп, қай жолда жүргеніңізді бағамдай аласыз. Өмір жолында күнделік жазудың маңызы зор. Ал сіз, күнделік жазып жүресіз бе оқырман?!

Ақнұр САҒЫНТАЙ
04 қаңтар 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031