» » Той туралы ой

Той туралы ой

qarmaqshy-tany.kz Әдемі гүлмен безендірілген хан сарайындай салтанат үйі, бағалы көліктер, бірнеше орынға аста-төк жасалған дастарқан –ысырапшылдық емес, халық үшін «бәсекеге» айналғандай. Хәкім Абай «Бес асыл істің бірі – қанағат» екенін айтады. Десе де, қазіргі қоғамның осындай игі қасиеттерден алшақтап бара жатқаны  бізді де  алаңдатпай  қоймады.
Қазақ халқы ертеден барға қанағат, жоққа сабыр еткен. Ата-бабамыз кеңпейіл, қонақжай болғанымен «судың да сұрауы бар», – деп артық ысырапқа жол бермеу керегін ұрпақ санасына сіңірген. Алайда, бүгінгі күні бос мақтангершілік пен даңғазалыққа бойымызды үйретіп алдық. Қарыз алып той жасайтынымыз тағы бар. «Ұят болмасын» мен бәсекелестіктің «сөзге қалмайығы» дінімізге қайшы ысырапшылдыққа жол беруде. Сәбиді қырық күнінен шығарудан бастап шілдехана, баласының тілі шығып түген жасқа келсе де той жасайтындар жоқ емес. Күнделікті көріп, естіп жүрген түрлі жағдайларға құлағымыз үйреніп келеді. Той жасаудағы бәсекелестіктің қызып тұрған жері шырайлы Шымкентті ерекше атап өтуге болады. Жақында  танымал кәсіпкердің немересінің тойына жасаған 59 миллион теңгенің торты елді шулатқан болатын. Ал енді қарапайым арифметикаға сүйенсек бұл қаржыны 60 мың айлық алатын қатардағы қызметкер, 82 жыл бойы үздіксіз жұмыс істегенде ғана таба алады екен.  «Қырсыздың сылтауы қырық, епсіздің сылтауы елу» дегендей дәулеті асқандар бірнеше миллиондарын жұмсап, шетелден әнші шақыртып, ұлан-асыр той жасайды. Ал қатарынан қалмауды көздеген тұрмысы төмен жандардың жалған намысты желеулетіп жоғары пайыздық несие алып, той жасамағанда несі қалды?! Онан соң жас жұбайдың мойнына жүк артып, өмір бойы тапқан табысын қарызға төлеп өтеді. Бір той жасау үшін кем дегенде 300 қонақ келеді деп есептесек, әр бір қонаққа алынатын орташа баға 2000 теңгеден бастап қалтаңыздың қалыңдығына байланысты өсе береді. Дастарқан мәзірі, шақыру билеті мен тойхана дизайны, түрлі продюсерлік орталықтар ұсынатын тойға қызмет көрсетуі тағы бар. Оған қоса асаба, әнші, бишісіз той да қызықсыз. Енді ойланып қарайық, бұл шығын шамамен 4 миллион теңгені құраса, ысырапшылдыққа жол бермей, шаңырақ көтерген жас отбасыға неге баспана алып бермеске? Айтпағымыз, той жасауға шектеу  емес, қанағатты серік етіп тойымызды қарызданбай, «көрпемізге қарай көсілсек» артық ысырап та, күйзеліс те болмас еді.
Тақырыпқа тұздық
аудан тұрғыны: 
– Қазіргі уақытта бұл тақырып пікір таластыратын, көпшілік бірігіп ой қозғайтын деңгейге жетті. Қазағымыз той жасауда ысырапшылдыққа жол беріп, бәсекелестікті қанына сіңіріп алғаны өзекті мәселенің бірі. Тіпті кей тойларда дастарқан үстіне шәй қоятын орын болмай жатады. Бірнеше адамды шақырып несие алып шашылғанымен, жұрт ішіп-жеп кетеді. Ал сол қарызды  төлейтін енді ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар. Керісінше сол қаражатты жастарға беріп үйлі қыл, жағдайын жаса. Сонда уайым да болмайды, ажырасуға себеп те жоқ. Қарап отырсақ, қазақ сияқты тойға шашылатын өзге ұлт жоқ. Қазіргі той есепсіз ысырап, тәрбиелік мәніне көңіл бөлінбейтін шараға айналып бара жатқаны алаңдатады. Сондықтан, тойымызға өзгеріс еңгізу өзіміздің қолымызда. Барлық ауыл, ағайын, үлкені мен кішісі, тұтас  ел болып жұмылсақ алынбайтын асу жоқ.
Айнұр ӘЛИ

13 қаңтар 2023 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031