» » Көңілсіз ойлардан арылу үшін

Көңілсіз ойлардан арылу үшін

qarmaqshy-tany.kz Күйзеліс кезінде адамның күнделікті істерді орындауға зауқы соқпай, бұдан да күрделі белгілер туындауы мүмкін, тіпті өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлар қаумалап, кейде суицид жасауға дейін барады. Мұндай жағдайда «көңілсіз ойлардан арылу үшін» назарды басқа нәрсеге бұру, сатыпалулар немесе қыдыру күйзелістен құтқара алмайды.
Осындай кездерде Облыстық Жастар Денсаулығы Орталығы және Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығы белсенді түрде қолдау көрсетеміз және түрлі мәселе бойынша адамдарға жақсы қоғам құруға көмек көрсетуге тырысамыз. Осылайша, стигманы төмендетуге және адамдардың аурулар мен олардың ерекшеліктері туралы білімін арттыруға сеп боламыз. Күйзеліс секілді ауруларды әу бастан анықтау және емдеу - ауыр салдарлардан сақтайды. Осы бағытта түрлі шаралар барысында жастарды өзіне және денсаулығына көбірек назар аударуға үндейміз.
Күйзеліс өте қауіпті, бірінші кезекте өзіне қол салу туралы ойлардың арты қасіретті жайтқа апарып соқтыруы мүмкін. Өзге аурулар секілді күйзелісті уақытылы емдемесе, ол созылмалы күйзеліске айналып кетуі ықтимал.
Дәрігерлердің айтуынша, күйзеліспен өз бетінше күресуге тырыспай, маманға жүгіну маңызды. Сондай-ақ айналадағы адамдардың айыптауынан қорықпай және қоғамда қалыптасқан стигма туралы ойламаған дұрыс. Күйзеліске қатысты стереотиптің барлығының негізі жоқ. Әлбетте туыстар мен жақындардың қолдауы маңызды, себебі күйзеліске шалдыққан адам өзге де аурумен ауырған науқастар секілді өзін қолға ала алмай, қуана алмай отыруы мүмкін. Ал бұл тұста ең үлкен қолдау – түсіністік танытып, медициналық көмек іздеуде көмек көрсету.
Күйзелісті болдырмау үшін қарапайым ғана салауатты өмір сүру салты туралы ұмытпаңыз – күйзеліске түсіретін жағдайлардан қашып, көбірек серуендеп, физикалық белсенділікпен айналысу, күн тәртібін, тамақтану және ұйқы режимін реттеу сізге күйзелістен шығуға үлкен ықпал етеді.
Егер сіздің жаныңыз жабырқап, ой бөлісіп,шер тарқатар жан таппай жүрсеңіз, облыстық жастар денсаулығындағы 24 сағат бойы демалыссыз қызмет жасайтын қызу желіге: 8-800-080-22-26 телефонына қоңырау шалсаңыз,өз мәселеңізбен бөліссеңіз, жоғары білімді психолог мамандардан пайдалы кеңестер алып,күйзелген өз ойыңызды өзгертуіңізге болады. Құпиялылық сақталады.
Ауырмаңыз, ауырмайтын жол іздеңіз, жас дос.

22 желтоқсан 2022 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031