» » Күйзеліс деген не?

Күйзеліс деген не?

qarmaqshy-tany.kz Күйзеліс (күрделі депрессивті бұзылу) – психикалық бұзылу тобына жататын кең таралған дерт. Ол бірқатар белгімен сипатталады: жабырқау, өмірге деген құлшынысты жоғалту, қуана алмау, ләззат ала алмау, өзін кінәлі сезіну немесе өзін төмен бағалау, ұйқының, тәбеттің бұзылуы, шаршау және зейіннің болмауы. Күйзеліс аффективті бұзылыстар тобына жатады, бұл эмоционалды және ауыр күйдегі алаңдау сезімі.
Көп жағдайда күйзеліс деп аурудың өзін емес, психиатрлар «депрессивті синдром» деп атайтын аурулар тобының кей белгілерін атайды. Күйзелістер түрлі себептерден туындауы мүмкін.
Осы және басқа да маңызды мағлұматтар жайлы бүгін 20.12.2022 жылы Қармақшы Аграрлы-техникалық Колледж Қармақшы студенттерімен аудандық діни басқарманың теологы Жалғасбек Ысқақов, аудандық Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығы психологы Әмина Кетебаева, СӨСҚ маманы Дариха Құлмырзаевалар кездесіп, жастарға суицидтің алдын алу шараларын айтып, ондай теріс әрекеттерге жол бермеуді түсіндірді. Теолог шариғат бойынша жастардың өз өмірлерін аманат деп қабылдап, соған құрметпен қарап, күнәлі жолдардан таза жүру арқылы мәнді өмір сүруге болатынын жеткізсе, Психолог: әрбір істі тапсырма деп қабылдап, оның дұрыс шешімін табуға, өзіне сенімділікті арттыруға, өзіне сыни көзқарас қалыптастырып, өз орнын төмендетпей, қиындықтарға қарсы тұра біліп, төтеп беруге, оң жолын табуға әдеттенгеннің болашағы кемел боларын нақты айтты. Сол бағытта тренингтер, ой-талқылар жасалды. Ақпараттық материалдар таратылып, бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, шараға колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сүлейменова, бөлімшелік полиция инспекторы Мақсат Әлімбаев және колледж психологы қатысты.
20 желтоқсан 2022 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 261
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031