» » Спорттық сайыс

Спорттық сайыс


Қармақшы Жастар денсаулығы мен облыстық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары бірлесіп «Батылдық және белсенділікпен бірігіп саламатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен Балалар жылына байланысты Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің спорт залында  кең көлемде спорттық сайыс ұйымдастырды.
Сайысты оқушылар флэш-мобпен ашып, аэробика билерімен өнер көрсетті. Оқушылардан құралған «Жүйріктер», «Шымырлар», «Тұлпарлар» тобынан тұратын 3 команда өздерін таныстырып, 5 түрлі  бағытта өзара бақ сынады.
Жасөспірімдердің ұжымдық әрекеттерінің, достық қарым-қатынастарының және ептілік пен шапшаңдықтарының арқасында сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Іс-шара соңында облыстық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы, әділ қазылар алқасының төрайымы Зарина Әбдірова жеңімпаздарды анықтап, жүлделі орындармен  марапаттап, мақтау грамоталарымен қоса бағалы сыйлықтар табыстады. Белсенділік танытқан мектептің медицина қызметкері Айгүл Бержанова алғыс хат пен бағалы сыйлыққа ие болды.
Сонымен қатар мектептің мәжіліс залында жоғары сынып оқушылары арасында қыздар жиналысы өтті. Жиналыста облыстық СӨСҚ басқармасының маманы Гүлімай Жүсіпова, Жастар денсаулығы орталығының психологы Әмина Кетебаева, аудандық Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Дариха Құлмырзаевалар сөз алып, жастардың репродуктивті денсаулығы, ерте жүктіліктің алдын алу, өз эмоциясын басқара білуді меңгеру, жағымды қарым-қатынас орнату және қоғамда өзін тұлға ретінде қалыптастыру мақсатын қоя білуге бағдар берді. «Өзін бағалау» тренингі жасалып, қыздар ойларын ортаға салды. Кері байланыс орнап, тақырыпқа сай «Қыздар әлемі» атты бейнеролик пен слайд  көрсетілді, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
«Қт» ақпарат
26 сәуір 2022 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930