» » Ауырғанша, алдын ал

Ауырғанша, алдын ал

«Саламатты сандарға қол жеткіз!». Сенбі күні облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы аудандық филиалының ұйытқы болуымен «Денсаулық фестивалі» аясында өткізілген кең көлемді акция осылай аталды.
Жыл сайын қыркүйекте өтетін, игі дәстүрге айналған бастаманың бірі – «Денсаулық фестивалі». Бұл шараның негізгі мақсаты – қарапайым тұрғындарды спортқа тарту. Саламатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу – денсаулық негізі екенін түсіндіру.
Орталыққа алаңда мектеп оқу­шы­лары мен белсенді жастар, мекеме қыз­меткерлері жиналып, дене жаттығуын жасады. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі арқан тарту, қол күресінен сайыс өткізді. Жиналған көпшілік «Ертөстік» бө­бекжай-бақшасы бүлдіршіндерінің фл­еш­­­мобымен басталған концерттік бағ­­дарламаны тамашалады. Кент тұр­ғындары мен қонақтары салмақ, қант мөлшері, қан қысымын өлшетіп, рентген, момография, УДЗ, ЭКГ аппаратына түсіп, терапевт маманнан кеңес алды.
Орталық алаңда ұйымдастырылған шараны аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Е.Қайырбекұлы өз сө­зінде 2020 жылға дейін Қазақстан халқының дене шынықтырумен, бұ­қаралық спортпен айналысатындар са­нын 30 процентке жеткізу міндетін қойғанын, сол бағытта ауданда ауыз толтырып айтарлық жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Жыл сайын өңірде бұқаралық спортпен айналысушылардың саны артып келетінін, қазірдің өзінде спорттың 22 түрі бойынша кент тұрғындарының 28 проценті дене шынықтырумен айналысатынын жеткізді.
Аудандық амбулаториялық-ем­ха­на­лық қызметі бар орталық аурухананың бас дәрігері, мәслихат депутаты Бақытжан Нысанбаев сөз алып, орталыққа жиналған белсенді тұрғындарға алғысын айтты. Жас ұрпаққа саламатты өмірді насихаттап жүрген денсаулық жанашырлары мен бірлесіп жұмыс жүргізетін бірнеше мекемені алғыс хатпен марапаттап, сыйлық тарту етті. Спорттық сайыстарда жеңіске жеткендерді де құттықтап, жүлделі орынды табыстады.
– Болашағы баянды мемлекеттің баға жетпес дәулеті – азамат баласы болса, адамның зор байлығы – оның денсаулығы. Қазіргі таңда халық арасында жүрек-қан тамыр, обыр, қант диабеті, жеткіліксіз дене қозғалысы, зиянды әдеттердің алдын алу, саламатты өмір салтын насихаттау маңызды міндет. Денсаулықты сақтаудың бір жолы – профилактика екенін ескерсек, тұрғындар алдын ала тексеріліп, маманның ақыл-кеңесін алып тұрғаны пайдалы, – деді шарада дәріс оқыған психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы Айткүл Балмаханова.
Фестиваль ұйымдастырылуы жағынан бірнеше мәселені қамтыды. Бәлкім, бұның бәрі саламатты өмір салтын қалыптастыру мен «Жастар денсаулық орталығы» мамандарының тұрғындар арасындағы денсаулық сақтау, туризм, дене шынықтыру және спорт арқылы саламатты өмірді қалыптастыру бағытында жүргізген жұмысының нәтижесі болар.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА

20 қыркүйек 2019 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930