» » ДЕНСАУЛЫҚ АКЦИЯСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Жуырда аудандық саламатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі «2018-2021 жылдарға» арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында «Қызыл түске киін» ұранымен ауқымды акция өтті. Акция Қызылорда облысының белсенді әйелдерінің бастамасымен ұйымдастырылған. Шараның мақсаты-тұрғындарды саламатты өмір салтын ұстануға, жүректерін қорғауға, ұзақ та бақытты өмірге қадам жасауға шақыру.
Әйел-Анаотбасында өзінің, сонымен бірге, жақындарының денсаулығына, дұрыс тамақтануына, спортпен айналысуына немесе зиянды әдеттерден бас тартуына ұйытқы болатын тұлға. Сонымен қатар, қызыл түсті киім- дабыл белгісі. Облыстық белсенді әйелдер қызыл түс киім кию арқылы аудан тұрғындарын жүрек-қан тамыр ауруларына және олардың даму қаупіне назар аударуға шақырды.
Шара барысында кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев және облыстық жастар денсаулық орталығы Қармақшы құрылымдық бөлімшесінің дәрігері Ұрхия Тұрмағанбетовалар сөз сөйлеп, акцияға қатысқан аудан тұрғындарына ыстық ықыластарын білдірді. Сондай-ақ, аудан өнерпаздары өнерін ортаға салып, жастар арасында қол күрес тен сайыс ұйымдастырылды.
Акция соңында қол күрестен жеңімпаз атанған жастарды марапаттап, шараға белсене қатысқан аудандық аграрлы-техникалық колледжнің студенттеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
31 мамыр 2018 ж. 1 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 131
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 325

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031