» » «Мертік ас» туралы естуіңіз бар ма?

«Мертік ас» туралы естуіңіз бар ма?

Жақында ағайынды кішкентай бауырларым жол апатына түсті. Періштелері қаққан болар, Аллаға шүкір екеуі де дін аман. Естігенімізде бәріміз де қорықтық. Ал ата-анасын сөзбен демегеннен басқа, қолдан келер қайран болмады. Осындайда анам «пайдасы тиіп қалар» деп ватсап желісінен келген «Мертік ас» туралы әңгімені жіберді. Мен дереу әпкеме жолдадым. Бірнеше күннен кейін әпкем хабарласып, «Мертік асты немереме жинап бердім. Бірақ көпшілігі білмейді екен. Бірінші рет естісе де қазағым кең жүрек қой, шіркін. Жағдайды түсінген соң, уыстап-уыстап, пакет-пакетімен қолындағы барын беруге әзір. Осылайша қазақтың бір ырымын жасадым, тыныш ұйықтады. Енді қорықтық құямын» дейді алғысын айтып.
Бұл ырымды көпшілігі біле бермейді екен. Бұл жағдай басымызға түспегенде біз де бейхабар болар едік. Қажет жанның пайдасына жарасын деген ниетпен сіздермен бөлісуді жөн көрдік.
Тарихқа үңілсек, қазақтар мертігіп қалғанда, яғни абайсызда не аттан жығылып сүйегі сынғанда көрші жеті үйден «мертік ас» жинатады. Мертіккен адамның бала-шағасы не туысы таңертең ерте көршісінің үйіне барып, мертік ас жинап жүргенін айтады. Үй иесі тамақ береді және оған қосымша қолынан келген көмегін аямайды. Жиналған тамақты пісіріп жейді. Кей жерлерде мертік ас 40 үйден жиналады екен. Тіптен, көршілері арнайы мертік асын дайындап әкелетін болған. Бұл – адам мертігіп жұмысқа жарамай қалғанда көршілері тарапынан берілетін көмектің, садақаның бір түрі. Сондай-ақ бала сынаққа ұшырап, шошынып қалғанда да осы ырым жасалады. Онда танымайтын 7 адамның үйінен «балам мертігіп қалды, мертік тамақ беріңізші» деп сұрау қажет. Ол адамдар не берсе де алып, соны жегізу қажет екен.
– Бұл ырым бұрыннан бар. Тек кейінгі кезде қолданыста болмаған соң аты да, заты да ұмытылып барады. Мұны біліп, үйрететін үлкендер де азайып бара жатыр. Қазақтың қай ырымы да қырын кетпеген ғой. Қазақылықты ұстанған жан бұл ырымның мәнін түсінеді. Өздеріңнен кейінгіге айта жүріңдер. Біріне болмаса, енді біріне пайдасы тиер, – дейді 75-тегі ақжаулықты әже Тынышкүл Қатарбаева. 
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
07 шілде 2022 ж. 6 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031