» » Ауылдағы аспаз

Ауылдағы аспаз

Кезекті іссапар. Таңмен таласа Ақтөбе ауылына аялдаған біз түскі үзілістің қалай болғанын аңғармай да қалдық. "Ақтөбе и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндеміз. Ашқан қарынның шұрылы бір-бірімізге айқын естіліп жатыр. Кенет мұрнымызды жарып астың иісі сезілді. Соның ізімен шаруашылықтың асханасына ендік.
Есікті ашқаннан жадырай қарсы алған аспаз төрді ұсынды. Ә дегеннен әңгімесін айтып, ашық-жарқын мінезімен сауалымызға жауап бере жүріп әп-сәтте дәмді асын да ұсынды. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, дәмі тіл үйіреді. Ыстық наны мен бауырсағы бірінен соң бірі «қолды» болып, таласып-тармаса жедік.
Адал еңбегінің арқасында көпшіліктің ризашылығына бөленіп жүрген анамыз туралы сөз етпекшіміз. Аспаздықпен өмірі сабақтас Оразкүл Ақтаева бүгінде «Ақтөбе и К» серіктестігінде аспаз болып қызмет ат­қарады. Оразкүл апамыздың пісірген тамағын шаруашылық қызметкерлері жоғары бағалайды.
– Ер адамдар болған соң дәмді тамақты ұнатады. Олардың тәбетін ашатын, көңілдерінен шығатын тамақ дайындау оңай емес. Тағам дайындау – мамандық емес, ол – өнер. Оған еңбек, ынта-ықылас пен шеберлік, жігер және талап керек. 2015 жылдан бастап шаруашылық құрылғалы осы ұжымда жұмыс істеп келемін. Аспаз болу жеңіл жұмыс емес. Әр тамақтың жасалу тәсілі бар демекші, тамақ пісірген кезде басқа жұмысты ұмытып, өз жұмысына берілуі керек. Бір мезетте бірнеше адамға тамақ да­йындап, олардың алдына ыстық нанын қойып, шайын ұсынып отырамыз. Егін науқаны кезінде жұмысшыларға мезгілімен тамақ жасаймыз. Механизаторлар, күріш орушылар түнімен жұмыс істейтін кездер болады. Сол кездерде уақыт талғамай, олардың ас ауқатын алдына ұсынамыз. 2 қыз, 3 ұлым бар. Жұбайым Әділ Есенов шаруашылықта сушы, балам Ақниет механизатор. Тракторды ерте, жаста­йынан тізгіндеді, – дейді тәжірибелі аспаз Оразкүл Қожамұратқызы.
Қазақтың «Әйел – қырық шырақты» деген сөзінің текке айтылмағанына көз жеткіздік десек те болады. Тірлік пен отбасынан бөлек, әйелдің нәзік болмысына артылған ана, абыройлы жар атауын қатар алып жүрген біздің Оразкүл апамыз өз отының ғана емес, бүкіл бір ауылдың мақтанышы болып жүре беруіне тілектестік білдіріп, біз де кете бардық.

Айнұр ӘЛИ

05 ақпан 2022 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031