Егінжайдағы еңбеккер

– Шілде айының орта шебінен бастап су көлемінің аз болғаны рас. Бірақ соның алдын алып, барлық агроном, мамандар бригада болып, егістікті кезекпен суардық. Екі күн бір бригада алса, екі күн бір бағыттағы бригадаға қарай суды жіберіп отырдық. Осындай қиындыққа шағылмай қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, күрішті сусыз қалдырмай өсіріп шықтық. Басты ұстанымым – тек адал еңбек ету. Сол адал еңбектің ырзығын көру, – дейді серіктестік сушысы.
Біздің кейіпкер 1983 жылдан бері осы қызметте. 1978 жылдан бастап шаруашылықтың еңбегімен біте қайнасқан. Осы күнге дейін еңбеккердің маңдай тері де бағаланбай қалған емес. Жетістігі де баршылық. Мәселен, былтыр «Цай Ден Хак» атындағы медальді кеудеге тақса, биыл ауыл шаруашылығынң алғыс хатына ие болды. Ендігі бейнетінің зейнетін көрер шағы да алыс емес. Бүгінде Әбдіжәмит Тоғаев жары екеуі 4 баланы тәрбиелеп өсіріп, құтты орнына қондырған бақытты жандар. Мархабаты мектепте қызмет етсе, Ләззаты аспаз. Ал Гүлзат қызы бала күтімінде отырса, 6 бригадада 3 жылдан бері трактордың «құлағында ойнайтын» ұлы Бекзат әке жолын қуып, дала төсінде еңбектің нәсібін көріп жүрген ауыл жастарының көшбасшысы.
Айнұр ӘЛИ