» » Салтанатты мерекеде құрметке бөленгендер

Салтанатты мерекеде құрметке бөленгендер

Аграрлы өлкенің тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Әр жылы мол астық алып, оң нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Ауылдағы ағайынның жиған нәпақасы да осы саладан. Өрістің кеңеюі – алға ілгерілеуді мақсат етеді. Осы мақсатпен ерте көктемнен, жаз бойы қара термен дала төсін емген диқаншылар биыл облыс бойынша оқ бойы озық шықты.
Дүр Оңғар ауылында жарқын жаңалық көп. Бой көтерген нысан, үйлері бір төбе, ауылдың әсем келбетіне айналған. 90 жылдық тарихы бар ауылдың басынан нелер өтіп, не кетпеді? Татулықты ту еткен тұрғындар қазір сол бірліктің арқасында кең алқаптан нәпақа тауып, ауылдың өрістеуіне үлкен үлесін қосып жүр. Жемісін бірге көруде. Көптен күткен астық пісті, қамбаға түсті. Еңбек те еленді. Биыл Орынбасар Төлепов басшылық ететін «Жаңажол» ЖШС-ның диқан-механизаторлары өзіне бекітілген күріштік алқаптан мол өнім алды. Облыс бойынша «Озат шаруашылық» атанып, ауылдың, ауданның мерейін тасытты. Ал ауданда өткен «Алтын дән – 2020» салтанатты мерекесінде жыл бойы маңдайы күнге күйіп, табаны жерге тілінген шаруашылық еңбеккерлері де назардан тыс қалмады. Мәселен, Жалғасбек Әлиев 645 гектар егіс көлемінен 48 440 центнер өнім алып, ІІІ орынмен «Озат бригадир» атанса, Тұрсынбек Досанов 1300 гектар өнім орып «Озат жаткист» атауын иеленді. Ал ІІ орыннан көрінген Бақдәулет Байдрахманов 34 гектар егіс алқабынан 339,6 тонна өнім алып «Озат күріш сушылары» номинациясын иеленді. КЛАСС маркалы техниканың құлағында ойнайтын Бағдат Берлібаев өзіне бекітілген жұмысты 50 000 центнерге орындап, «Озат комбайнер» атанып, І орыннан көрінді. Ал 5000 тонна астық тасымалдаған Айдәулет Мырзабеков І орынды бағындырып, «Озат астық тасымалдаушының» көшін бастады.
Серіктестік жыл сайын қорытынды мерекеде өз қызметкерлеріне үстемақы мен арнайы автокөліктер сыйға тартып отырады. Бұл өз кезегінде алдымен еткен адал еңбек нәтижесінің жемісі. Биыл да шаруашылық еңбеккерлері Бағдат Берлібаев, Тұрсынбек Досанов, Бақдәулет Байдрахмановтарға су жаңа Lada Granta маркалы автокөліктің кілті табысталды.
– Ерте көктемнен бастау алатын біздің жұмыс ұқыптылықты, сабырлықты, мейірімділікті талап етеді. Себебі, жер қойнауына дән себілгеннен бас­тап оған кішкентай сәбидей қараймыз. Мәпелей өсіреміз. Ауа райы мың құбылғанда тақымымызды қысып, жауын жауғанда еңкейе солғын тартқан өнімімізге қарап тағы жанымыз ашиды. Ал өнім пісіп, қамбаға толтырарда тағы бір миссия болады. Ол – төкпей-шашпай жинап алу. Енді қыс мезгіліне екі аттасақ жетеміз. Уақытылы үлгеріп, жинап алуға барлығымыз барымызды салдық. Оның еленіп жатқанына алғысымыз шексіз, – дейді Бағдат Берлібаев.
Көктемде тырбанып, жер тырнаған диқанның бейнеті өтелетін шақ бұл. Әсілінде олар – құрметке лайықтылар.
Айнұр ӘЛИ
16 қараша 2020 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031