» » ОЗА ШАПҚАН ШАРУАШЫЛЫҚ

ОЗА ШАПҚАН ШАРУАШЫЛЫҚ

Өрістің кеңеюі алға ілгерілеуді қажет етеді. Диқаншылар да бос жатқан жоқ. Күрегін алып қырманның басында тер төгіп жүр. Еңбектің наны тәтті екенін әлдеқашан түсінген ауыл тұрғы­ны көсегесін еселі еңбегімен көгертіп келеді. Соның бір дәлелі, жақында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме байқауында ІІІ Интернационал ауылындағы «Абай-Дәулет» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының жеңімпазы атанды.

2016 жылы құрылған серіктестіктің бас­ты кәсібі – күріш өндіру.Шаруашылықта заманауи, жоғары автоматтандырылған кү­ріш зауыты бар. Бесарық пен Байтабын шаруашылығы прогрессивті технологияны пайдалану және заманауи техника арқылы еңбек өнімділігін арттыруда. Атап айтарлығы жыл сайын нарыққа шығатын өнім көлемі арта түсіп, кәсіпорында қалдықсыз өндіріс жолға қойылған. Соның нәтижесінде күріш қалдығынан жем дайындалуда.
Экспорт – ел экономикасын өсірудегі тиімді жол. Сол секілді сапа үлесі мен бәсекелестікті тудыратын оңтайлы шара. Бүгінде серіктестіктің өнімі барлық облыс пен ТМД елдеріне экспортталады. Шаруашылық күріш өндірумен бірге төрт түлік мал өсірумен де айналысады. Қылыш құйрықты қара қойды тәжікстандық тұқым түрімен будандастырып, ет бағытындағы қойға қол жеткізуде. Шаруашылықтағы қошқар салмағы 140 келіні құраса, аналығы 70-80 келіге дейін көтереді. Жылына 110-120-дан төл алынуда. Ал түйе төлі 60-қа жеткен. Одан күніне 150 литр шұбат дайындалып, облыс орталығына жөнелтіледі. 
– Бүгінде жұмысшы саны – 80. Басты кәсібіміз – күріш өңдеу. Серіктестікте мал азығы қоса дайындалады. Сағатына 3 тонна өнім өндіретін шағын зауыт жұмыс істейді. Әлеуметтік жауап­кершілікке баса назар аударылады. Ауылды абат­тандыру, көшелерді асфальттау, әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, демалыс орнын қалыпқа келтіру секілді шаруаға да бір кісідей атсалысудамыз, – дейді кәсіпорын директоры  Мұрат Абайұлы.
Айтпақшы, серіктестік спорт­тық-мәдени ша­раларға демеушілік жасап, мектепке жаңадан спорт­тық құрал-жабдық алып көмектескен. ІІІ Интернационал ауылында «Абай-Дәулет» ЖШС мен  «Достық Жер МК» ЖШС демеушілігімен ауыл ақсақалы мен ақ жаулықты аналарына арналып киіз үй ті­гілді. Әр бір отбасына арзан ба­ғада жоңышқа түсірілді. «Жастар аллеясы» бой түзеп, ауылдың ажарын айшықтай түсуде. Одан бөлек, орталық алаңда балаларға арналған батут жұмыс істеуде.
Гүлденудің сыры – бірлікте. Соның арқасында ауыл халқы елдің өрістеуіне өз үлесін қосып, жемісін бірге көруде.

Айнұр ӘЛИ
23 шілде 2019 ж. 957 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031