» » Сирек мамандықтың сыры

Сирек мамандықтың сыры

Өкпедегі ауруды, денедегі түрлі сынық жарақатты анықтайтын медицина саласында бөлім бар. Жалпақ тілмен айтқанда, оның көмегімен аурудың сипатын анықтап, сол арқылы дәрігер маман дәл әрі нақты диагноз қояды. Бәлкім біліп те отырған боларсыз. Осы бір мамандықтың қыр сырын білмекке аудандық емхананың флюорография және рентген бөлімінің жұмысымен танысып қайтқан едік.
Бала күнімізде ауруханаға тексеруден өтуге барғанда дәрігердің «бірінші флюороға түсіп кел» деп жіберетіні сол кезде көңілге қорқыныш ұялататын. Кабинаның ішіне кіруге жүрексініп, «қазір тоқ соғады» деген неше түрлі ойдың жетегіне еріп кеткеніміз әлі күнге есімде. Ал бұл жолы дәрігер мамандардың қызметіне қызыға қарап, қарбаласқа толы қауырт жұмыстарына біз де ілестік. Ең алдымен аудандық аурухананың туберкулезге қарсы бөлімшесінің бөлім меңгерушісіне жолығып, бөлімнің қызметі жайында аз-кем әңгімелестік.
– Флюорография – бұл өкпе ауруларының диагностикасындағы бірінші қадам. Туберкулез де бұл тізімнен орын алады. Біз аппарат арқылы туберкулезді, сұйықтықты, кейінгі қабынуларды, бөгде заттарды, талшықтар склерозын, әртүрлі этиология ісіктерін, қабырғалар, иық, жүрек тағы басқа аурулардың диафрагмасын көруге мүмкіндік аламыз. Жалпы бұл процедурадан адам жылына бір рет қана өтеді. Флюороға түскен өкпенің суретіне қарап, оның туберкулезге шалдыққан, шалдықпағанын анықтаймыз. Соған қарай диагнозын қойып, емдеу шараларын жүргіземіз, – дейді дәрігер Хамит Әлиев.Білікті дәрігердің бұл салада қызмет істеп жүргеніне 30 жылға жуықтапты. Одан бөлек бұл бөлімде екі лаборант және бір медбике халыққа қызмет көрсетеді. Ең негізгі аппарат орнатылған кең бөлмеге бас сұғып, жұмыс барысымен таныстық. Қазіргі заманға сай орнатылған цифрлы құрылғы үздіксіз қызмет көрсетіп тұр. Аппараттың тікелей жұмыс істеуіне жауапты маман Жеңіс Есмаханов жаңа құрылғының жұмысын былай түсіндірді.
– Қазір технология жылдан жылға дамып келе жатыр. Олай дейтінім бұрын біз жұмыс істеген аппарат қолмен басқарылатын. Ал қазір бәрі компьютер. Бірден үлкейтіп көрсетеді және сақталады, – деді ол.
Айбол Іскендіров те осы құрылғыны басқарушы маман. Көбіне жылжымалы рентген көлігімен ауыл аймақты аралап, егіс басындағыларды тексеруден өткізеді. Ал медбике Роза Әбдірахманқызы болса флюороға түскендерді компьютерге тіркеуші.Дәл осыдан шығып жалпы рентген бөліміне бас сұқтық. Мұндағы жұмыс барысы да солай. Тек бір айырмашылығы, бұл жердегі мамандар күн-түн демей кез келген ауыр жағдайдағы науқастармен жұмыс жасайды. Мәселен, ота жасалған, қозғалуға келмейтін науқастарды рентгенге түсіріп, суретін дер кезінде шығарып береді. Кешегі пандемия кезінде де білікті дәрігерлер табанынан тік тұрыпты. «Пневмонияға шалдыққандардың қарасы көп болды» дейді рентгенолог дәрігер Серік Дос­танбаев.
– Пневмонияның алғашқы тол­қынында халықтың көбі осы дертке шалдыққан. Біз бір күнде 70-80 адам қабылдадық десем артық айтқаным емес. Екі өкпесі бірдей пневмония болғандар көп. Кішкене жөтел басталса бірден бізге келіп тексеріліп жатты. Қайта біздің жігіттер барлығына үлгеріп, қалтқысыз қызмет көрсетті. Тіпті арамызда сол ауруға шалдыққандар да бар. Қазір, шүкір бәрі басылды. Тексерілуге келгендердің ішінде бірлі-жарымы ғана пневмония болып шығып жатыр. Жалпы науқасты рентгенге түсіргенде біз оның снимкасын әбден тексеріп қараймыз. "Бір көзден екі көз жақсы" деген бар ғой. Мен тексерсем менен кейін екінші дәрігер тексереді. Тіпті кейде қасымдағы Өмірбек, Ержан, Самат деген жігіттерге де көрсетіп аламын. Себебі пленканың бетінде неше түрлі дақ тұрып қалуы мүмкін. Сондықтан бұл істе аса жауапкершілікті ұстанамыз, – дейді білікті дәрігер.

Біз әңгімелесіп болғанда өзін нашар сезінген науқас рентгенге келіп өкпесін түсірді. Диагнозы қалай болар екен деген оймен аздап күттік. Да­йын болған пленканы дәрігер жарыққа көтеріп "Міне, қара, мына жігітте аздап пневмония бар. Сол өкпесінде жиналып тұр, емделу керек" деді. Осылайша өз көзімізбен пневмонияның қалай болатынын көрдік. "Қазір бәрі бітті деп бетпердесіз жүруге тым ерте. Дәрігерлер әлі де сақтанып жүруге шақырады. Денсаулықтың қаді­рін қазірден ойлайық" деді дәрігер әңгіме арасында жұмысын жалғай. Қауырт мамандықтың қыр-сырын көрген біз ақ халаттыларға кедергі келтірмей өз жөнімізбен кете бардық.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
сурет автордікі

29 қаңтар 2022 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031