» » Сенат депутаты Жалағаш ауданына барды

Сенат депутаты Жалағаш ауданына барды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаторы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният 7-8 қыркүйек аралығында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары алдымен Жалағаш аудандық ауруханасы құрылысымен және аудандық емхананың күзге дайындық жұмыстарымен танысудан басталды. Аудандық аурухананың құрылыс жұмыстарымен аудан әкімі А.Ө.Шаменов таныстырса, жалпы аурухана мен емхананың күзге дайындық жұмыстарын аудандық аурухананың бас дәрігері Бурамбаева Баян Рүстембекқызы баяндады.
Іссапар одан әрі Төретам кентіндегі №80 орта мектебіне жалғасты. Онда мектептегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына қанықты.
Одан соң Төретам кентіндегі ауылдық аурухана жұмысымен танысты. Онда аурухананың күзгі толқынға дайындық жұмыстарын Байқоңыр қаласындағы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Әділхан Жандос Қойшыбайұлы баяндады.
Аурухана жұмыстары бағаланғаннан кейін, сапар №272 орта мектебіне жалғасты. Мектептегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары көрсетіліп, сапар Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына жалғасты. Онда аурухана жұмыстарымен танысқан соң, медицина қызметкерлерімен кездесіп, мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жұмыс сапарының алғашқы күні осылайша аяқталды.
8 қыркүйек күні ҚР Парламентінің Сенаторы Ақмарал Шәріпбайқызы мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Ұлттық сараптама орталығы, облыстық көпбейінді аурухана және №3 қалалық емхананың жұмысымен танысатын болады.
08 қыркүйек 2020 ж. 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031