» » Емдеу ұйымы жұмысын кеңейтті

Емдеу ұйымы жұмысын кеңейтті

qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы қазақстандық емдеу ұйымы 2016 жылы облыстық медицина орталығының филиалы болып ашылған. Аурухана 30 төсек орынға арналып, терапия, қалпына келтіру және күндізгі емдеу бөлімдері ашылды. Ем алуға қала тұрғындарымен қатар, Арал, Қазалы, Қармақшы ауданының жұртшылығы да келді. Алғашқы жылы аталмыш нысанда 1200-дей науқас ем қабылдады, деп хабарлайды  Өңірлік Коммуникациялар Қызметі.

- 2018 жылы аурухана жанынан Байқоңыр қаласы және Ақай, Төретам елді мекендерінің тұрғындарына арналған емхана ашылды. Бүгінгі таңда емханаға 41 800 тұрғын тіркелген. Биыл тамыз айында аурухана "Байқоңыр қалалық көпбейінді аурухана" болып қайта құрылды. Сонымен қатар хирургия, гинекология, жансақтау сынды бөлімдер ашылып, қазір аталған бағыттар бойынша науқастар ем алуда, - деді Байқоңыр қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханасы бас дәрігері Жандос Қойшыбайұлы.
Сондай-ақ, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында 24 млн теңгеге заманауи зертханалық құрал-жабдықтар алынып, аурухананың материалдық-техникалық базасы толықтырылды. 
04 қазан 2019 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031