» » Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

2019 жылы 20 маусымда басқарманың мәжіліс залында облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамовтың және облыстық қоғамдық кеңес мүшесі А.Шалғынбаеваның қатысуымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласының өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің төрағасы В.Горбовтың, облыстық мәслихат депутаты К.Үйрековтің, Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің бастығы А.Ахметовтың және басқа да мекеме басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. 
Қатысушылар Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік жағдайы мен оларды қолдау мәселелері, Байқоңыр қаласын газдандыру мәселелері бойынша пікір алмасты, сонымен қатар, Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласындағы зейнетақы қоры филиалының заң бөлімінің бастығы А.Қорғанбаев және «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Байқоңыр қалалық бөлімінің басшысы К.Ералиевамен ҚР және РФ зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасының нормалары бойынша түсіндірме жүргізілді.
Газдандыруға байланысты Байқоңыр қаласы "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиалының директоры Қ. Сансызбаев бүгінгі таңда Байқоңыр қаласы бойынша 3 маусымнан бастап 2400 пәтер газдандыру жүйесіне қосылғанын, қазан айына дейін қаланың барлық үйлерін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланғанын хабарлады.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығы А.Ахметов қатысушыларды Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі криминогендік жағдаймен таныстырды.
Бұдан бөлек, қала жастарына тәрбие беру мәселелері талқыланды.

21 маусым 2019 ж. 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 519
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930