» » Жыр жұлдызы – Көшеней

Жыр жұлдызы – Көшеней

СӘРСЕНБІДЕ ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДА «ЖЫР ЖҰЛДЫЗЫ – КӨШЕНЕЙ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ. ОҒАН АУДАН ӘКІМІ Қ.НҰРТАЙ, МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ Ә.ҚОШАЛАҚОВ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Қ.ЕСДӘУЛЕТОВ, АУЫЛ ӘКІМІ М.АЛДАМҰРАТОВ, АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Ж.ДӘУЛЕТОВ, АУЫЛ АРДАГЕРІ Т.САРЫБАЕВ, «ТҰРМАҒАМБЕТ» ЖШС ТӨРАҒАСЫ Н.ПІРМАНТАЕВ ПЕН ӨЗГЕ АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Іс-шара алдымен орталық алаңда жырау Ә.Қуаңбаевтың арнау жырын тыңдаудан басталды. Одан соң сүлейлер аллеясына гүл шоғы қойылып, клуб үйінің кіреберісінде Жиенбай жырау үйірмесі шәкірттерінің жыр шашуымен «Жыр жұлдызы – Көшеней» атты облыстық ақын дар айтысының шымылдығы түрілді.
Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында даңғайыр жыраулардың ұрпағы, жыршы, жырау Көшеней Рүстембекұлының туғанына – 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Нысан – қазақтың төл өнерін жас ұрпаққа насихаттау және паш ету. Мерейлі мерекеге «Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы Нұржан Айдарбекұлы демеушілік жасады.
Шымылдығы түрілген облыстық аламан айтысқа облыстың, ауданның түкпір-түкпірінен талаптың тұлпарын мінген жүйріктер қатысуға ынта білдіріп, 8 ақын келді. Облыстық айтысты аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы ашып, ақындарға сәттілік тіледі.
Сайыс додасында ақындар Көшеней Рүстембековтің мәңгілік мұрасын насихаттап, шабысты шабытпен өнер көрсетті. Жұп болып шығып бір-бірімен әзілдері жарасса, ендігісінде қағытып отырып, қалың көрерменнің ду қол шапалағына ие болды. «Аламанда аты озған мәреге жетеді» дейді. Бұл сайыста қазылар алқасы әділ бағасын беріп, қате кеткен, түзер жерді сынап алды. Сонымен облыстық ақындар сайысының нәтижесі бойынша аралдық Бексұлтан Орынбасаров пен Қызылорда қаласынан келген Жамбыл Бақытәлі ІІІ орынды місе тұтса, сырдариялық ақын Мұхаметжан Мансұров ІІ орынға ие болды. Жерлесіміз Сырым Әділбеков І орыннан көрінсе, бас жүлде шиелілік Бекжан Ержігітке бұйырды. Ал ынталандыруға Бекзат Серіков, Мұханбетәлі Бекпейісов, Бекқанат Смайылұлы ілікті. Айта кеткен жөн, ауыл ағалары атынан Бекарыс Арыстановтың арнайы сыйлығы Тұрмағамбет ауылының атынан өнер көрсеткен Бекқанат Смайылұлына табысталды. Іс-шара соңында аудан әкімі жырау Бидас Рүстембековке сый-сияпат жасап, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Одан соң барлығы естелік суретке түсіп, келесі бағыт бойынша мектеп жанынан ашылған «Сыр елі – Жыр елі» мұражайын тамашалады.

Айнұр ӘЛИ
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)

27 қараша 2021 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031