» » Мамандар жарамдылық мерзімі шексіз өнімдерді айтты

Мамандар жарамдылық мерзімі шексіз өнімдерді айтты

Жарамдылық мерзімін есепке алмай, ұзақ мерзімге дейін сақтауға болатын өнімдердің атауы белгілі болды. Тізім WeChat әлеуметтік желісінде ұсынылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар жаңа жыл алдында азық түлік аларда не нәрседен сақ болу керек екендігін айтты

Жазба авторлары ең ұзақ сақталатын өнімдердің қатарына бал, соя соусы, арақ, бұршақ дақылдары, тұз және кептірілген саңырауқұлақтарды жатқызған. Құрамында ешқандай қоспалар мен консерванттар жоқ табиғи балды 2,5-3,5 жылға, ал диқандар шығарған, концентрациясы мен тазалығы жоғары балдың ерекше сорттарын бес жылдан астам сақтауға болатыны атап өтілген.
Соя соусының жарамдылық мерзімі жоқ. Дегенмен, қаптаманы ашқаннан кейін оны үш айдан бес айға дейін пайдалану керек. Ауа кірген кезде тұздықтан қорек заттардың көп мөлшері шығады және бұл өнімнің сапасына теріс әсер етеді және денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.
Жазбаға сүйенсек, арақтың да ашылғанға дейін жарамдылық мерзімі болмайды.
Бұршақ дақылдары мен тұз ылғалға ұшырамай, құрғақ ортада дұрыс сақталса, олар да бұзылмайды.
Кептірілген саңырауқұлақтарды құрғақ жерге қою ұсынылады. Алайда жақсылап кептіргеннен кейін саңырауқұлақтарды мүмкіндігінше 24 сағаттан кешіктірмей тұтыну керектігі айтылады, болмаса оларда бактериялар көбейе бастайды және денсаулыққа зиянды канцерогенді заттар пайда болады.
22 қараша 2021 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930