» » Ғалымдар тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түліктерді атады

Ғалымдар тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түліктерді атады

Дұрыс тамақтану саласындағы сарапшылар тоңазытқышқа салуға мүлде болмайтын өнімдерді айтты. Сарапшылар сөзінше, тоңазытқышқа салу олардың тез бүлінуіне және дәмі мен пайдалы қасиеттерін жоғалтуына әкеледі екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 



Сонымен, сарапшылар картопты тоңазытқышта сақтауға кеңес бермейді. Бұл картопқа теріс әсер етеді – оның дәмі өзгереді, мұздатылған кезде крахмал қантқа айналады және түсі жоғала бастайды. Тоңазытқышта сақтауға болмайтын тағы бір өнім – сарымсақ. Ол жоғары ылғал болған сайын тез ыдырайды. Ал егер сарымсақты аршып асалсаңыз, ол жақсы сақталады. Бірақ, әдетте, ылғалдылыққа байланысты сарымсақ хош иісін жоғалтады. Сонымен қатар көгеруі де мүмкін.
Пиязды тоңазытқышта емес, жарық түспейтін салқын жерде сақтау керек. Пияздың құрамында крахмал бар, оны ылғал көп жерлерде сақтауға болмайды. Көгеріп кетуі мүмкін.
Пиязды картоптан бөлек сақтау керек, өйткені пияздың шіріп кетуіне ықпал ететін газдардың бөлінуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, сарапшылар зәйтүн майын тоңазытқышқа салмау керегін айтады. Тоңазытқыш ылғалды болғандықтан және конденсация пайда болғандықтан, зәйтүн майы табиғи дәмін оңай жоғалтады. 
Суыққа өте сезімтал тағы бір өнім – бал. Балды төмен температураға қойғанда қата бастайды. Содан кейін бал кристалданып, өте қатты болады. Кесек болғандықтан, балды қолдану қиын болады. Сондықтан балды қоймада сақтау дұрыс.
Сондай-ақ, сарапшылар тоңазытқышта: сірке суын, нан, асқабақ, дәмдеуіштер, жержаңғақ майы, авокадо,  жаңғақтар мен кептірілген жемістерге, сондай-ақ салат, шабдалы, жалбыз, ақжелкен, аскөк және насыбайгүл сынды өнімдерді сақтауға кеңес бермейді. 
18 мамыр 2021 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031