» » “Жеті шелпектің” Исламға қатысы бар ма?

“Жеті шелпектің” Исламға қатысы бар ма?

Теолог, имам Наурыз Убаев Ислам дінінде жеке “Жеті нан” жайлы тақырып көрсетілмесе де, дәстүр, ғұрып жайлы мәселе қарастырылғанын айтады. 
“Исламда сүннет, қияс деген үкімдер шығарылады. Белгілі бір мәселе аясында ғалымдар не айтады, ол сүннетке жата ма, қай үкімге жататынын қарастырады. 
Жетінші үкім – ғұрып, бұған қалыптасқан нәрсе, адамдар дұрыс деп таныған дүниелер кіреді. Кейбір дәстүрлерді көпшілік дұрыс емес десе, ғұрып та дұрыс емес деп таниды. 
Мынадай қағида бар: Дәстүр Исламға қарсы келмесе ғана дұрыс емес деп саналады. 
“Сол үшін “Жеті шелпек” пісіру шариғатта теріс ой тудырмайды. Нан қасиетті тағам болған, ал жеті қазақтардың қасиетті саны болған соң оны пісіріп таратқан. Кейбір адамдар “Жеті шелпек” пісіруді пұтқа табынушылық деп ойлайды..  Бұл дұрыс емес.
Адам “Жеті шелпек” пісіргенімен бір Аллаға сыйынады, сұрайды. “Жеті шеплектен” сұрамайды. Жеті нан құнды тағам болған соң, оны мешітке әкеліп, таратады, садақа бағыштайды”, – дейді ол. 
Айтуынша, Исламда сандарды қасиетті деп санау жоқ. Алайда қазақтың дәстүрі бойынша Жеті нанды пісіріп, таратады.
“Неге нанды таратады деген сұрақ туындаса, нан қазақта қиын жолмен алынатын тағам деп саналған. Бұрындары нанды жерді жыртып, Бұқа ұстап, егін егіп, алатын болған”Бұрындары нанды жерді жыртып, Бұқа ұстап, егін егіп, алатын болған. Ал садақаға өз еңбегіңмен тапқаныңды беру. Нанды тарату содан қалған”, – дейді ол. 

Неге шелпекті “тие берсін” деп жейді?

Теолог Наурыз Убаев “Тие берсін” деген сауапты білдіретінін айтып өтті. 
“Құран оқып, Құранның сауабын және нанның садақасын береді. Садақаның сауабын қайтқан кісіге бағыштайды. Ислам дінінде жақсылықтың сауабын қайтыс болған кісіге бағыштау деген бар. Адам қайтыс болғанда үзілмей үш нәрсе барып тұрады: соның бірі садақа.  Ал иіс шығару деген нәрсе дұрыс емес, пісірілген нан таратылуы тиіс”, – дейді дінтанушы.

Этнограф Талғат Омардың жеті шелпекті “Тие берсін” деп жеудің астарында аруақтар дәм етеді деген түсінік бар екенін айтады. Бұл кейде бірнәрсені ұмытып кеткенде, қатерлі жағдай орын алмасын деген кезде жасалатын ырым. 

Айтуынша, “Жеті шелпекті” жаман түс көрген кезде, әсіресе, түске аруақтар кіргенде пісіріп, жеті адамға таратады.
“Бұл – аруақтарды еске алудың жолы. Баяғыда жолға шыққанда осы жеті нанды адамның қойнына азық қылу үшін салып жіберетін болған. Жеті санының өзі қазақта киелі санаған. Бұл – тәңіршілдіктен қалған ғұрып. Аруақ сеніміне байланысты, дінге еш қатысы жоқ”, – дейді ол. 
Ырым – өлі мен тірінің арасындағы дүниетаным, дейді этнограф.
“Тәңіршілдікте ғарыштық энергия бар, ал Ислам Құран негізінде жүреді. Бала шошып оянғанда, не болмаса тылсым энергия келгенде Жеті нанды таратып, ырым жасаған. Сескену, жиеркену, қорқу адам санасына емес, сезімге байланысты, демек тылсым күшке бағынады”, – дейді Талғат Омар. 
07 маусым 2021 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 238

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 341

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930