» » Жеті атасын білмеген...

Жеті атасын білмеген...


Ру сұрасып, ел біліскен қазақ­пыз. Руға бөлінбегенбіз, рудан құралғанбыз. Кішкентайымыздан әкемізден немесе атамыздан әулет шежіресі жайлы біліп өсуге құмар болдық. Аталарымыз немересін бір тізесіне отырғызып алып өзінің әкесінің, атасының кім болғанын, қандай ерлік істегенін тізбектеп айтып беретін. Бүгінде немересіне жеті атасын үйрететін әке мен ата бар ма?
Ұрпағына жеті атасын үйрету – ата мен әкенің басты парызы. Бала күнінен әулет шежіресін құлағына құйып өскен баланың өз ата-тегін қадір тұтатыны бесенеден белгілі.
Жеті атаны тану жөнінде Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» повесінде былай дейді:
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
– Кімнің баласысың? – деп сұрай­тын ол.
– Мен Момыштың ұлымын.
– Момыш кімнің баласы?
– Момыш – Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атамды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
Жеті атаны жіті тану рухани білімнің бастауы. Оны білу арқылы бала біріншіден, ата-бабаларының кім болғанын, немен айналысқанынан хабардар болса, екіншіден – қан тазалығы. Тегін білген жігіт өзінің болашағына да аса үлкен құрметпен қарайды. Тектіліктің сезімнен де биік тұратынын түсінеді. Себебі, сонау Жәнібек ханның бұйрығынан бастау алған жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі қазақтың берік ұстанымы. Ол бұзылған жағдайда пайда болған баланың денсаулығы жақсы болады деген сенім жоқ. Бұндай некелерде туылған баланың психологиясында ауытқушылық болып, кемтар болу қаупі жоғары.
Жеті атаны тану тек өз шежіреңді ғана емес, ұлтыңның тарихын білу. Өзіңнің түп тамырыңды ұғып, тек­тілігіңді сақтау. Сонымен қатар, бұл біздің қазақты өзгелерден дара көр­сететін басты дәстүр. Халқы­мыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бе­ретінінің көрінісі.
Ал сіз жеті атаңызды білесіз бе?!
Жәния ТӨРЕБЕКОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
ІІ курс студенті
29 мамыр 2021 ж. 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031