» » » Қан тазалығы жайында не білеміз?

Қан тазалығы жайында не білеміз?

Кезекті демалысты пайдаланып төркіндетіп Шиеліге қарай жолға шыққанбыз. Бұл жақтан әуелі қалаға, одан әрі жол жөнекей автобус ауыстыруға тура келеді. Себебі тура қатынайтын жолаушылар көлігі жоқ-ты. Жолаушылап шыққан адамның әдеті жол қысқартып, әңгіме-дүкен құру емес пе?! Біз де әдеттен жаңылған жоқпыз. Көлік жүргізуші ашық жүзді адам екен. Әңгімесін бірден бастап кетті. Бұл жолғы тақырып ауаны рушылдық пен тектілікке қарай ойыс­ты.
–Бұл оқиға осыдан біршама жыл бұрын болған, – деп сөзін бастады қырықтан асқан жігіт ағасы.
Қанат есімді бозбала (кейіпкерлердің аты өзгертілді) ауылдан арман қуып, Алматыға келеді. Жан-жақтан оқуға келгендердің ішінен Айғаным деген аруға көзі түсіп, ғашық болады. Әуелгі таныстықтан кейін әңгімесі жарасқан екі жас көңіл жарастырып, ұзақ уақыт кездесіп жүреді. Күндердің күнінде Айғанымның аяғы ауырлап, Қанаттан бойына сәби біткенін біледі. Бір қызығы, осы жағдайдан соң тағдырдың жазуымен екеуі екіге айырылып, бөлек қалаларға кетіп қалады. Араға уақыт салып Айғаным өмірге Нұрасыл есімді ұл әкеледі. Ал Қанат болса өзге қызбен шаңырақ көтеріп, отбасын құрады. Одан 2 ұл, 1 қыз өмірге келеді. Ұзақ жыл өткен соң Қанаттың Айғанымнан туған ұлы мен қолында тәрбиелеген қызының бір-біріне жолығып, ғашық боларын олар білген жоқ-ты. Бұл қалай? Бір-бірін бұрын-соңды көрмеген ағалы-қарындасты жандардың тағдыры осылай боларын кім ойлаған?!
Бұл әңгімеден соң көлік жүргізуші аға осы секілді оқиғаның қоғамда бар екенін тілге тиек етіп, мұның соңы қазақты тексіздікке апаратынын айтқан-ды. Рас-ау.
Әлем елдері қазақ халқының қонақ­жайлығы мен қан тазалығына тәнті болады. Олай болатын жөні де жоқ емес. Ерте кезде ата-бабаларымыз «жеті ата» заңдылығын ұстап, бір ру ішінде қыз алыспаған. Бүгінгілер жеті атадан аспай қыз алудың маңызын біле ме? Қазіргі таңда қан тазалығын қалай сақтай аламыз?
Шежіре мен жеті атаны білу – жөн-жоралғының бұлжымас ережесі, қан мен тек тазалығының басты кепілі емес пе? Қазірде бұрынғыдай бір атаның балалары бір жерде шоғырланып өмір сүрмейді. Әрқайсысы елдің әр өңірінде, тіпті шетел асып сонда тұрып жатқандары қаншама? Арақашықтық алыстаған сайын қарым-қатынас та үзіледі ғой. Кейбірі тіпті қазір жақын туысын танымай жатады. Жоғарыдағы айтқан әңгіме де осыған дә­лел. Сол себепті жаһандану заманында жеті аталық қағиданы ұстану қажет-ақ.
Тарихқа үңілсек, Испания корольдігінде Габсбург әулетінің жақын туыстарына үйленуінің кесірінен тұқымымен құрып кеткені белгілі. Ал АҚШ-та әлі күнге дейін туыс адамдардың некелесуіне тыйым салынбаған. Соның салдарынан белгісіз аурулар мен баланың шетінеуі көбейіп кеткен.
Қан мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды. Айталық, жақсы, ізгі істеген жанды «тегіне тартып туған» деп жатады. Сондай-ақ, халқымызда «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп айтатыны да бекер емес.
Бүгінде балалы болғысы келген нә­зік­жандылар ру сұрасып, жеті атасын түгендемек түгілі, тегі белгісіз, көрмеген, тіпті танымайтын ер адамның ұрығын сатып алып, жасанды жолмен бала кө­тере береді. Қазақстанда жасанды ұрықтандыратын 20-дан аса орталық бар. Жыл сайын тек қана бір клиникада 70 бала жасанды жолмен ұрықтанады.
Республикада бір донор аталық жасушасын 20 рет тапсыра алады. Егер бәрі орынды болса 20 аталық жасушадан жиырма бала дүниеге келеді деген сөз. Ал сол жиырма бала әр шаңырақтың шаттығына айналады. Әрине, бұл қуаныш. Алайда астарына үңіліп көрдік пе?
Араға жылдар салып әлгі 20 аталық жасушадан шыққандар еліміздің әр өңірінде ер жетіп, бой жетер. Дей тұра олар өздерінің бір әкеден туған бауыр екенін тіпті білмейді. Уақыты келгенде кездейсоқ бір-бірімен жолығып, көңіл жарастырып жатса не болмақ? Бұл түптің түбінде тексіздікке алып келеді.
Ұрық донорлығы бізде әлі ретке келе қойған жоқ. Мұнан келетін басты қауіп – бір әкенің екі әйелден туған балаларының кездесуі. Кездесіп қана қоймай, шаңырақ көтеруі. Содан кейін ауру балалардың пайда болуы. Бізде ұрық донорын беруші жөніндегі мәлімет те жасырын түрде ұсталады.
Донор боламын, ұрық тапсырамын деген еркектің кескін-келбетіне, бо­йына – бәріне ерекше мән беріледі. Ол жө­ніндегі мәлімет сырт пішіні, кескін-келбеті, мамандығы мен жұмысымен ғана шектеледі. Ата-тегі бойынша анкетада тек руы ғана жазылады. Ал жеті ата туралы тіптен ойға алмайсыз. Біз әкені қашаннан бері сырт пішіні мен кескін-келбетіне қарап таңдаушы едік? Қазақта қанына, ата тегіне, бойындағы ізгі қасиетіне қарап танушы еді-ау.
Бұрынғының жөн сұрасқандағы «Ата-тегің кім?», «Руың қандай?», «Кімнің баласы болдың?» деп сұрайтыны тегін емес. Осы сұрақтарымен-ақ астарлы жайттың басын ашып бермей ме?! Ал сіз балаңызға тектілік пен қан тазалығы жайында айтып жүрсіз бе?
Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 тамыз 2019 ж. 2 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031