» » ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ ҚАШАН РЕТТЕЛЕДІ?

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ ҚАШАН РЕТТЕЛЕДІ?

– АУЫЛДАН ОСЫ ШЫҚҚАННАН, КЕЙІН ҚАЙТУ МҮМКІН БОЛСА ИГІ. «ӨШІРІТ» ДЕГЕНІҢ ҰЗЫН-СОНАР. КӨЛІГІҢ АЛМА-КЕЗЕК ҚАЛА МЕН АУЫЛДЫ ЖАЛҒАП ЖАТЫР, – ДЕП ТАКСИШІ ЖІГІТ ӘҢГІМЕСІН БАС­ТАДЫ. РАСЫМЕН, ТАҢ АТПАСТАН ДОРБАМДЫ АСЫНЫП, ҚАЛАҒА АСЫҚТЫМ. ЖҮРЕЙІН ДЕП «СТАРТТА» ТҰРҒАНЫНА МІНГЕН БОЙЫМЫЗ ОСЫ ЕДІ. КҮННІҢ ЫСУЫ БЫЛАЙ ТҰРСЫН, ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТЕН БАСЫМЫЗ АЙНАЛҒАНДАЙ. ӘЛГІ ТАКСИШІНІҢ ДАУЫСЫ БЫЛДЫРЛАП ЕСТІЛЕДІ. – ҚАЗІР БЕНЗИНМЕН ЖҮРСЕҢ ТИІМСІЗ. ТҰТЫНУШЫ БЕРГЕН АҚЫНЫҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІН «СОЙЫП САЛАДЫ». БАҒАНЫҢ 1500 ТЕҢГЕГЕ ҚЫМБАТТАУЫ ДА СОЛ. МЫНА ГАЗ ДЕГЕНІҢ ЖАҚСЫ ЕКЕН. БЕНЗИНГЕ КЕТКЕН ҚАРАЖАТТЫҢ ЖАРТЫСЫ ҒАНА КЕТЕДІ, – ДЕП ӘЛГІ ЖҮРГІЗУШІ ӘҢГІМЕНІ БІРІНЕН СОҢ БІРІН ЖАЛҒАП ЖАТЫР, ЖАЛҒАП ЖАТЫР.
Ойыма сап ете қалды. Демек әлгі иіс – газ болды ғой. «Мына газдың иісі қатты шығып тұр» дегенім сол-ақ еді, әңгімені бұрмалай жөнелді. Көлік терезелерін ашып, желдетті. Иіске денеміз үйренді ме, барлығы реттелгендей болды. Қызық, әлгінде ғана дәл осы тақырыпты қаузауға басшыдан тапсырма келген-ді. Орайын қарашы, ә? Мәшиненің алдыңғы орын­ды­ғында отқан соң әңгіменің де көкесі енді бас­талды.
Ауданнан қалаға қарай «Ақмаржан» жақтан 140-қа жуық такси қатынайды. Әлгінде айтқан таксишілер осында келген бойда үлкен дәптерге атын тізеді. Содан соң кезегімен қайта жолға шығады. Кейде кезегі келмесе қалада қонып қалатын сәттері де болады екен.
– Кезекке тізілу міндетті. Онсыз мәселе шешілмейді. Яки осы дәптер арқылы жолға шығып отырамыз. Кейде тіпті таныстарын, байланыс арқылы тұтынушы тауып, көлігін лық толтыра қалаға аттанатындары бар. Әрине, саудада достық жоқ. Кейде талан-таражға түсетін сәттер де болады, – дейді Айбын Оразалиев (аты-жөні өзгертілген).
Мейлі, әйтеуір ауданнан қалаға асыққанда көліктің минут сайын қатынағаны қуантады. Дегенмен саны бардың сапасы қандай болатыны тағы толғандырады. Әлгі әңгімемен араласа құйқаңды шымырлатқан жағымсыз иіс осы сауалға жауап іздеп әлек. Мұны кім реттейді, кім тексереді? Жақында ғана аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары рейдке шықты. Осы жолаушы тасымалдайтын мәшинелерге. Сала мамандарының айтуынша, ауданның өзінде үстіміздегі жылдың 5 айында 17 өрт оқиғасы тіркелген. Соның 6-ауы автокөлікте орын алған. Былтыр – 2 өрт оқиғасы ғана болса, биыл бұл көрсеткіш 66,6 процентке өскен.
– Автокөліктегі өрттің түрлі себебі бар. Мәселен, электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан былтыр 2 оқиға тіркелсе, биыл 4 оқиға орын алды. Яки бұл 50 процентке өсті. Отты пайдалануда сақтық шараларына бей-жай қарау алдыңғы жылы тіркелмесе, биыл 1 жағдай, әдейі өртеуден 1 оқиға тіркеліп үлгерді. Жалпы осының салдарынан шығын 3 200 000 теңгені құрады, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны С.Абжаева.
Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында, Жосалы, Төретам кентінде орын алған автокөліктегі өрт УАЗ маркалы көлігінен бастап, КАМАЗ, Mitsubishі, Audi, Mercedes, Nissan, Volkswagen, BMW се­кілді жеңіл мәшинелерде орын алған. Ал қауіпке қарсы қарекет еткен бөлім мамандарының айтуынша, дәл осы уақыт, яғни күннің ысуы қолайсыз дейді.
ТҮЙІН:
Ауылға кейін қайтарда тағы такси-тұраққа бағыт алдық. Кеш бата көлік тізгініндегілер де жинала бастапты. 38-ші болып дәптерге тіркелген таксиге отыра кеттік. Бұл жолы ауылдағы танысымыз екен. Бастысы көлік – бензинмен жүреді. Іші айнадай таза. Ауыл мен қаланы жалғаған барлық көлік осындай болса екен дейсің.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
06 маусым 2019 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 068

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031