» » АСПАННАН АҚША ЖАУМАС БОЛАР

АСПАННАН АҚША ЖАУМАС БОЛАР

Бірде әдеттегіше инстаграмды шолып отқам. Суреті, бейнежазбасы менмұндалаған қызық жазбаны көзім шалды. Жалт-жұлт еткен ақшалар бума-бума боп әлгі жазбаны салған әйелдің қолында жарқырап тұр. «Өміріңді бізбен бірге өзгерт» деп қояды арасында. Қызыққан жұрт пікір жазып әлек. Әрине, көрмекке мен де жаздым.
Әлгі келіншек байланысатын нөмірімді сұрады. Бәрін тәмпіштеп түсіндіремін деп сендірді. Бердім. Бір минут өтер өтпестен қалтафоныма қоңырау шалды. Көтердім. Ұзын-сонар бірнәрселерді айтып жатыр, айтып жатыр. Бірін ұқсам, бірін ұқпадым. «Түсіндіңіз бе?» деп сұрағанда ойланбастан «Жоқ» дедім. Қазір сізге директорым түсіндіреді деді де тұтқаны қоя салды. Ол да хабарласты. Сыңғырлаған телефонды көтермеуге бекіндім. Ол ол ма? Бәрін қойып ватсаптан сурет, бітпейтін мәтіндерді жіберіп, әбден мазамды алды. Жауап бермесем де қазір өздері хабарласып тұрады. Сол бітпейтін заттарды сату, тіркеу, адам тарту.
Қазір не көп? Түрлі-түрлі желі көп. Ал, оның ішіндегі жазбалардың жартысынан көбі «командама қосыл» деген. Бұл не деп аң-таң боламыз. Әсілінде қайдан келген ақша екеніне бас қатырып тағы далмыз. Расымен де, кейде жеңіл ақшаны көргенде «жолдан таятынымыз» жасырын емес. «Оңай олжа» болмайтынын ескерсек дейміз. Себебі, бізге келген кейіпкеріміздің әңгімесі соған саяды. Сенгіштігіне өкінеді екен.
– Кредиттен кредитке жүріп әбден шаршадым. Ақша таба алмай дегбірім қашты. Бір күні инстаграмнан осындай жазбаларды көзім шалды. Осылай да ақша табуға болады екен ғой деп ойладым. Содан не керек, адамымен ватсап арқылы тілдестім. Жолын айтты. Адам тіркемейтінімді де ескертті. Сауда да сатпайды екенмін. Сосын тіркелдім. Алғашқы апта жақсы болды. Бертін келе шотқа ақша аударуым керек екенін айтты. Таныс-тамырымнан қарызға 100 мың теңге көлемінде ақша сұрап, «оларға» аудардым. Өсесің деді. Өнесің деді. Әйтеуір түк те пайда көрмедім. Командаға шақырған қызға хабарлассам телефон тұтқасын көтермейді. Тағы да қарыздың үстінен қарыз алып, сан соғып қалдым, – дейді ол.
Кейіпкер аты-жөнін жасыруымызды өтінді. Сондай-ақ, қандай «сетевой маркетинге» кіргенін де жазбауымызды сұрады. Алайда, осы жолмен кезінде еңбек етіп бүгінде жетістікке жеткендері де бар. Қалай деймісіз? Ең алдымен адамға сайрап тұрған тіл керек. Одан кейін әдемі келбет керек. Содан соң адамды баурап, өз командасына жинай білу керек. Ал, кейбірі «оңай» ақшаға қызығып өз қызметінен кетіп жатыр. Бірақ, талайының бұл нәрсені істей алмай өкініп жатқаны да жетерлік. Мұны кейбірі қосымша жұмыс, үйде отырған аналарға табыс көзі деп атайды. Алайда, мұның өзіндік қыры мен сыры бар. «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» демекші, аспаннан ақша жаумайтынын ескерген жөн. Иә, әлемде түрлі мамандық бар. Қызыл диплом қолда болмаса да кәсіп ашып, нәсібін көруге зор мүмкіндік жасалған. Алма өздігінен пісіп, аузымызға түспейтінін ескерсек ең алдымен адамға талап қажет. Содан соң, жігер керек. Сонда ғана ақшаны жаудыратын «күш» пайда болуы мүмкін. Тек мынаны ескерсеңіз болғаны, «оңай олжа оңдырмайды».
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».

28 ақпан 2019 ж. 2 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031