» » Төбемнен біреу суық суды құйып жібергендей

Төбемнен біреу суық суды құйып жібергендей


Үйімізге қарама қарсы тозығы жеткен, адам аяғы баспас өте ескі үй бар болатын. Кеш түсе бастағаннан-ақ түрлі дауыстар естілетін. Ауылдың бұзықтарының ешбірі де түн бата бұл жерден кесе өтпейтін-ді. Әр нәрсенің өз ақиқаты бар емеспе. Тұрғындардың ауыздан ауызға тараған тылсым оқиғасы көрші ауылдарға да тарап үлгерген. Бірі сенсе енді бірі «жындының сандырағына» балайды. Мен де көрмеген соң сенбестен мазақ қылып күлетінмін, тек мына жағдай орын алмағанда. Достарыммен кешкілік серуеннен қайтқан менің құлағымда құлаққап, әуен ырғағымен тербеліп келемін. Әлгі үйдің алдынан өте бергенім сол еді иығымнан әлдекімнің түртіп қалмасы барма. Жалт бұрылып артыма қарасам адам қарасы көрінбейді. Естіп жүрген тылсым оқиғалар ойыма түсіп одан бетер қорқып келемін. Қорыққанға қос көріндіме, әлде шынымен болып жатырма, көзім ескі үйдің терезесіне түсті. Ақ көйлек киген кішкентай қыз маған қарап тұр. Иә, анық көрдім. Үйіме дейінгі он метр жер құдды километрге айналғандай. «Бисмиллиаһ»-ты ауыздан тастамай денем мұздай қатқан күйі әрең жеттім. Түнімен көз ілмей қорқынышты түстер көрумен таңым да атты. Одан кейін бұл жағдай ұмытылып та кеткен болатын.Алайда, бір күні кеш бата терезе перделерін жауып жатқанымда, қарама қарсы тұрған ескі үйге қарадым. Сондағы ойым әлгі қызды қайта көру еді. Жоқ, көрінбеді. Пердені жаба бергенім сол еді жас қыздың шыңғырған дауысы естілді. Жалма-жаң терезеге қайта қарағанымда бұл жолы басқа көрініске тап болдым. Ер кісінің қызды мойнынан қысып тұншықтырып жатқанын терезесінен анық көрдім. Төбемнен біреу суық суды құйып жібергендей орнымнан қозғала алар емеспін. Әлгі кісі мағанда келердей бойымды үрей билеп барады. Барынша ойламауға тырыстым. Себебі бұл әлеммен қатар тылсым дүниенің де қатар өмір сүретініне көзім жетті. Одан кейін көршілер жиналып үйге молдаларды шақырып, мал сойып құран бағыштады. Түрлі дауыстар, көріністер сейілгендей болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын психикалық ауытқуы бар жігіт өз қарындасын тұншықтырып өлтірген. Одан кейін өзі де дарға асылып қайтыс болған. Мүмкін жетім қалған ағалы-қарындастының жаны жай тауып, екінші өмірге аттанған болар. Кім білсін?

Айнұр ӘЛИ
29 наурыз 2019 ж. 2 564 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 211

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930