» » Кітаптың монологы

Кітаптың монологы

Қысылып барамын… Мына қапаста тұрғаныма қанша уақыт болды десеңші. Бұрын көңілім шат еді. Ол кезде жастар кезекпе-кезек таласа оқитын-ды. Беттерімді ақтарып, әңгімемнен ой түйетін. Солар жаман болды ма? Көкірегі ашық, санасы ояу. Ендігі күйім мынау. Шаң басқан сөреде жатырмын. Тү-үш… Біреу келе жатқан секілді. Аяғының тарсылынан жүрегім дүрсілдеп барады. Бұл қойманың есігін адам ашпағалы да қай заман… Ол маған беттеп келеді. Расымен де мені әкетпекші. Қайда? Қоя берші, оны сұрап қайтем. Бастысы кітап оқыр пенденің табылғаны да…
Әлгі адаммен бір жаққа бағыт алдық. Иә, баяу жүрген қимылынан анық байқаймын. Таза ауа. Түсім секілді. У-шу. Бір-бірін қуаласып ойнаған балалардың дауысы. Қалай байқамағам? Бұл мектеп қой. Иә, мектеп. Сансыз шүкір. Оқушылардың кітап бетін парақтар күні алыс емес екен. Шүкір…
Жо-жоқ! Мына баланың қабағы қатулы ғой. Мені жақтырмағаны ма? Ұстазына бұлай жекігені несі? Оқығым келмейді дейді. Сонда мендегі бар асыл дүниені қазақ жазушылары не үшін параққа түсірді? Сонда кімге керек бұл? Жоқ. Мүмкін емес, бұл бала болмаса келесісі оқыр. Құдай-ау, денем ауырып барады. Мына қыздың мені суырып алып, әлгі оқушыны қойып қалғаны несі? Жаным-ай… Осыншалықты керексіз болғаным ба? Бірі болмаса бірі маған сүйіспеншілігін білдірер. Ақырын күтейін... Айттым ғой, әні мені қолына біреуі ұстады. Сонша жыл ашылмаған беттерімді парақтады. Бірақ неге оқығысы жоқ? Мүмкін емес! Тоқта адам! Бұлай жасауың қателік. Қаламсапты қой орнына. Қазақтың ұлы ақынында нең бар? Қап! Ұят болды-ау... Елім деп еміренген азаматты қор қылды-ау. Шимайлап көзілдірік пен темекіні тұлға суретіне салып қойды. Енді қайттім? Олардың аманатын орындай алмадым… Өкінішті…
Қоңырау соғылса мына жерден кеткенім жөн болар. Өзімнің түнек қоймам жақсы екен ғой. Бірақ қалай? Жүрер аяғым, сөйлер тілім жоқ. Тәуекел бір реті болар. Қате ойламаппын… Әлгі пенденің қолынан екінші пенденің қолына өттім. Мүмкін жағдайым жақсарар… Жылы үй. Балалардың күлкісі естіледі. Әлгі әйел осылардың шешесі болса керек. Балақай «кітапты берде-бер» деп жылап отыр. Құдай үшін баланың қолына мені ұстатпа! Ойыншық қылма… Неге қозғалыс көбейіп кетті? Мені қоқысқа тастамақ па? Жоқ, бұған енді шыдамаспын. Онанша менің көзімді жоя салыңдар! Естимісіңдер?...
Беттерімді парақтап отыр, парақтап отыр. Қызық не істемек ойы бар? Оқитын адамға ұқсамайды. Не істемекшісің? Әр бір әрпі құнды беттерімді жыртқаның не? Ол мені естігісі де келмейді. Жо-о-оқ. Олай жасама! Дамыған са­йын қу дүниеге телміріп, мәңгүрттеніп барасың! Одан да мені оқы, білімнің нәрі менде. Естимісің? Мүмкін емес, жанып барамын. Денемді тұтастай өрт шарпыды. Болашағыңды ойла, өткеніңді ұмытпа!
Ал мен өртеніп барамын, ө-ө-өр-р….
Ая ӘЛИ,
"Қармақшы таңы".
19 наурыз 2019 ж. 2 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031