» » Ұлттық рәміздер - елдіктің нышаны

Ұлттық рәміздер - елдіктің нышаны

МЕМЛЕКЕТ ӨМІРІНІҢ ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘНІ – ТӘУЕЛСІЗДІГІ. АЛ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЕҢ ҮЛКЕН БЕЛГІСІ САНАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ КЕЛЕР ЖЫЛЫ 30 ЖЫЛ ТОЛҒАЛЫ ТҰР.
Мемлекеттік рәміз – еліміздің дер­бестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақ­тастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі. Ол халқымыздың тарихы мен тағдырын, ұлы мақсаттарға ұмтылысын білдіреді. «Қазақстан Рес­публикасының Мем­­лекеттік рәміздері туралы» Кон­ституциялық Заңы 2007 жылы 4 маусымда қабылданған болатын.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі.
Біздің ұлттық Туымыз бүгінде БҰҰ штаб-пәтерінің үстінде желбіреп, әнұранымыз Олимпиадада және басқа да халықаралық жарыстарда шырқалады. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш!
Елбасы Н.Назарбаев «Біз тәуелсіздік­ке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуел­сіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» деген болатын.
Еліміздің әрбір азаматының бойынан рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.
Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақ­стандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сені­мінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.
Бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке баршамызды біріктіре тү­седі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады. Тәуелсіздік­ке қол жеткізу тарихында төл рәміз­деріміз дүниеге келген сәт – ерекше орын алады. Мемлекеттік рәміздер тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы, ізгі сезімдерді адамдардың жандүниесіне сіңіруге қызмет етеді. Қыран бейнелі көк туымыз, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыз, ән­ұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні, тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін тарихымыздағы ресми белгісіне айналып келеді.
Иә, Қазақстан – Туымен тұғырлы, Ел­таң­басымен еңселі, Әнұранымен ас­қақ. Біз Тәуелсіздік тәбәрігін де, азат­тық рухын да, ел дамуының екпінін де, биік меже, асқақ армандарымыздың өлшемін де осы үш киеміз арқылы танимыз. Танытамыз! Көк Туымыз – рухтың байрағы, Елтаңбамыз – елдіктің нышаны, Әнұранымыз – еркіндіктің асқақ үні!
Еліміздегі спортшылар түрлі сала бойынша көк туымызды әлем елдерінің алдына жоғары көтеруді мақсат етеді. Талайы байрақты бәсекеде, бүкіләлемдік олимпиадаларда ел мерейін үстем етіп, мемлекеттік нышанымыздың төрден көрінуіне сеп болып келеді. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Ондай жастар біздің аудан да жетерлік.
– Ақжолтай спортшылар үшін жарыстардағы жеңістері мен жеткен жетістіктері үйреншікті дағды болып кетуі мүмкін. Ал, сол мерейлі сәтте өз жеңісіңмен Көк байрағымызды желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатып тұрғаныңды сезіну – бір бөлек, – дейді аудан намысын қорғап жүрген спортшымыз Мейіржан Мақсат.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
04 маусым 2021 ж. 1 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 124

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 280

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930