» » Жаңа технология һәм отандық ғылым кезеңі

Жаңа технология һәм отандық ғылым кезеңі


Аттап қадам басқан сайын заман талабы өзгеруде. Әсілінде жаңа ғасырда жаңа технологияларды игеріп, дамудың үстіне дамудамыз. Әлем қарыштауда. Біз де сол. Өзгелерді шаң қаптырып кетпесек те иық тіресіп, цифрландық. Әлі атқарар қызмет те, ойлап табар дүние де көп. Қош. Отандық ғылымда қандай қозғалыс һәм нендей өзгерістер бар?
Strategy2050.kz аналитикалық-шолу порталы­ның мәліметінше, Қазақстанда ауыл шаруашылығы және медицина саласында ғылыми зерттеу жүргізіп, жаңа нәтижеге талпынған жас мамандардың қарасы артқан. Мәселен, елде атом энергетикасын дамыту бағдарламасы бойынша энергетика саласында жер бетін атмо-геохимикалық түсіруде оның геологиялық ортадағы техногендік өзгерістерінің әдістемесі мен модельдік бағдарламасы әзірленген. Ал алғаш рет Қазақстанда радон 222Rn изотопынан дозалық жүктемесі анықталып, қазақ ғалымдары оны алудың әдістемелік нұсқаулығын әзірлегенін де ауыз толтырып айтуға болады. Отандық пластмассадан бұйымдар басып шығаратын түрлі-түсті 3D принтер әзірлеген Жану мәселелері институтын да осы қатарға қосуға негізі 3D принтерді тестілеу мен сынақ жүргізу ойдағыдай сәтті жүргізіліп, пластмассадан тестіленген бұйым алынды. Сонымен қатар ұсақ темір қосалқы бөлшектерді еш қиындықсыз дәлме-дәл тетікке бағыттай алатын, 5 сатылы еркін қимылға ие бетонмен жұмыс жасайтын қатты металдан экструдер әзірленіп, жасап шығарылды.
Бір қызық мәліметті келтіре кетейік, ғылымның дамуы бойынша Қазақстан әлем рейтингісінде 61 орында тұр. Бұл дамыған елдер деңгейінен 24 есе төмен дегенге саяды. Дүние жүзінде әрбір 1000 адамның біреуі ғалым болса, Қазақстанда әрбір 2500 адамның біреуі ғана ғалым екен. Ресми деректерге сүйенсек, елде 8000 ғылыммен айналысатын адам бар. Олардың бәрін ғалым деуге болмайды. Себебі енді қызығушылық танытып, іс бастағандар кездеседі. Қазақстанда 1 млн халыққа 662 ғалымнан келеді, бұл Ресейге қарағанда 4,3 есе аз. Ал Беларусьтен 2,7 есе және АҚШ-тан 6,4 есе төмен деңгейде.
Қазақстан сауаттылық деңгейімен әлемде оқу бойынша 34-орын, математикалық сауаттылықтан 39 елдің ішінен 33-орын, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы сауаттылық бойынша 36 елдің ішінен 32-орында. Демек бұл да көңіл көншітпейді. Әрине, мүлдем ғылым деңгейін төмендетіп тастауға болмас. Өйткені жас ғалымдардың ойлап тауып жатқан дүниелері бар. Соның бірі – өзіміздің аймақтан шықты. Осыдан бірер жыл бұрын қазақтың жас ғалымы Нұрғали Ақылбеков бактерияларға қарсы 10 есе биологиялық белсенділік көрсететін препарат ойлап тапқан болатын. Оның бұл өнертабысы Ресейде патенттеліп, халықаралық дәрежеде мойындалған.
Заманауи физикалық-химиялық талдау қондырғыларын еркін меңгерген Нұрғали Ақылбеков аз уақыттың ішінде ғылымға зор үлес қоса білді. Ол бұған дейін Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырағын биопрепараттар арқылы тазарту технологиясын әзірлегенін айта кеткен де жөн болар.
Осыған қарап елдегі ғылымның дамуы жаңа серпінмен келе жатқанын аңғаруға болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік» деген еді. Бұйырса, ғылым дамуында жүйелі жұмыстар іске асырылса жаңа кезеңді бағындырарымыз сөзсіз. Сол тұста отандық ғалымдар мен өнертапқыштардан "Made in Qazaqstan" таңбасы бар брендтік көлік, тұрмыстық техника, смартфон мен смарт технологиялар шығуы бек мүмкін.
Дайындаған Айнұр ӘЛИ
05 мамыр 2021 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031