» » "Baikonyr invest" форумы өтті

"Baikonyr invest" форумы өтті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында халықаралық «Baikonyr invest» инвестициялық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Инвестициялық форумның биылғы тақырыбы - «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастықтық үшін жаңа мүмкіндіктер». Форум аясында жалпы құны 100 млрд теңгеге жуық жобаларды жүзеге асыру үшін 25 меморандум, 1 келісімшартқа қол қойылды. Олардың қатарында өнеркәсіп саласында 14, агроөнеркәсіптік секторда 9, мемлекеттік жекешелік әріптестік бағыты бойынша 3 инвестициялық жобалар бар.
«Baikonyr Invest» жыл сайын 300-ден астам шетелдік және отандық бизнес-көшбасшыларының, инвестициялық компания басшыларының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен экономиканың түрлі салаларындағы сарапшыларды басын қосып келеді. Форумға шетелдік және отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялардың басшылары келді. Олардың қатарында Кореяның «К2АТ», Францияның «Total Eren», Болгарияның «НЕС» компаниялары және ғылыми-зерттеу институттары өкілдері арнайы келген.
Сондай-ақ, форум жұмысына Иран, Франция, Германия, Македония, Нидерланды Корольдігі, Корея, Канада, Словения, Қытай, Ресей сияқты алыс және жақын 10 мемлекеттен инвесторлар келді. «Биыл инвестициялық форум он бірінші мәрте өткізілуде. Алғаш рет ол 2013 жылы қолға алынған еді. Алдыңғы 10 форумның нәтижесі бойынша 130-ден астам меморандумға қол қойылды. Облыс экономикасына қомақты инвестиция тартылды» - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Форум қатысушылары «Байқоңыр» ғарыш айлағын және «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін аралады.
02 желтоқсан 2019 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930