» » «Ақыл тіс» неге кеш шығады?

«Ақыл тіс» неге кеш шығады?

Кеше бір танысымды көрдім. Жасы 34-те. Бір орында байыз таппай, тыпыршып, тісін ұстаумен жүр. Не болғанын сұрағанымда «маған ақыл тіс енді шығып жатыр» деп қорыққанын жеткізді. Естуімізше, бұл тіс ақыл тоқтатқанда шығады деуші еді. Расымен солай ма? Ондай болса, әлгі танысымның да мәселесі осы. «Сонда маған ақыл дегенің енді кіргені ма?» деп ұялып қояды.


Мұндайда «Гугл» әпкенің көмекке келетіні бар. Ол құдды бір көмек сұрағанда тартынбайтындардың қатарынан. Содан не керек, әлемторды ақтарып, мынадай қызық деректерді таптық. Сіз де оқып, кәдеңізге жаратыңыз.

Біздіңше «Ақыл тіс» медициналық тілде «Сегізінші тіс» деп аталады. Ол ауыз қуысында 14-30 жас аралығында ең соңғы болып шығады екен. Есейіп, ақыл тоқтатқан шақта шығатын болған соң солай аталып кеткен. Бір қызығы, егер адамның тіс жақтары үлкен болса, онда бұл тістің шығатын орны дайын тұрады. Дегенмен, қазір ақыл тістің қисық немесе мүлдем шықпайтын, болмаса белгілі жастан өте кеш шығатын жағдайлары кездеседі. Оның себебі неде?


Мамандардың айтуынша, ежелгі адамдар шикі ет, тамыр сияқты қатты өнімдерді тұтынған. Яки, ауқаттану үшін ұзақ шайнау процесі жүрді. Сол себепті олардың жақ сүйектері қазіргі адамдарға қарағанда үлкенірек болған. Әрі олардың ауыз қуысына 32 тіс толық сыйды. Ақырын-ақырын жыл, ғасыр, дәуір өте адамдар азық-түлікті жеуге көмектесетін қажетті құралдарды ойлап тапты. Сондай-ақ, жұмсақ тағамдарға сұраныс артты. Енді бұрынғыдай ұзақ шайнап жейтін тағамдарды тұтыну азая бастады. Соның салдарынан адамның жақ сүйегі кішірейіп, керісінше бас сүйегі аздап үлкейген. Бұл бір қызық дерек болды ғой, иә?


Ақыл тіс шығарда жанға батып, ауыртатыны бар. Ол қисық шықса жұлдыруға да тура келеді. Тіс жарып шыға алмай жатқанда ауыз қуысындағы ақыл тістің орнындағы қызыл ет қабына бастайды. Толық өсіп-жетілмеген ақыл тіс жанындағы тістерді түбінен итеріп, соның әсерінен қасындағы тістердің де түбі солқылдап ауырады. Мұндай жағдайда бірден тіс дәрігеріне көріну керек.

Егер алтыншы, жетінші тіс ақыл тіс шықпастан ертерек жұлынса, онда ақыл тіс олардың орнына түсіп, сол тістің қызметін атқарып кетеді. Осындайда ақыл тістің пайдасы көп. Мәселен, протез орнату жеңіл болады.

Түйін
Бүгінде ақыл тістің әуре-сарсаңына түскендер көптеп кезігеді. Өкініштісі, мұндай жандар тек ауыруы шыдатпай, жанына батқанда ғана емхананы еске алады екен. Бұл аурудың алдын алуға болатынын естен шығармаңыз. Ол үшін барлық тісіңіз бүтін, тіс ауруына кезікпей тұрып тіс дәрігеріне барып тұрғаныңыз абзал.

Айнұр ӘЛИ


24 қазан 2020 ж. 4 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 383

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930