» » Қаратауда 9 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Қаратауда 9 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

     Жамбыл облысында айуандықпен өлтірілген кішкентай қыздың ісіне қатысты тың деректер шығып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, Қаратауда 9 жастағы қыздың өліміне күдікті ретінде ұсталған ер адамның ақыл-есі кем болуы мүмкін. Бұл туралы марқұмның туыстары айтып отыр екен.
     Қыздың әкесі Мұхит Қаражігітовтың айтуынша, күдікті қызын өнер мектебінен үйіне алып кеткен. Онда не болғаны әзірге белгісіз. Небәрі 45 минуттан соң өлігі шығып отыр. Ал қаскөйдің мәйіт арқалаған жүрісі сол маңдағы дүкен камерасына түсіп қалған. "Видеоны көрдім, қызым велосипедттің артында отыр. Сосын 45 минутта қапшықты ұстап артқа қарай өткен. Мектептің алдынан күтіп алған. Қызым момын болатын. Кішкентай қызымды білемін ғой. Оған бірдеме істеген", - дейді әкесі.
    Телеарнадағылардың айтуынша, күдікті Аруайдың әкесінің шаш алдыратын тұрақты клиенті болған. Жиі келетін кісінің жүзі таныс болғасын қаршадай қыз оған ілескен. Қаскөйдің ақыл есі кем дегенге мақұмның жақындары сенбейді. Себебі қылмысын сау адамдай сауатты жасырған дейді. "Оның дені сау. Бәрін ойластырған. Айғақ ештеме қалмасын деп өртеп жіберген. Күртеше мен сөмкесін де таппай отыр. Сотталып түрмеден өмір бақи шықпасын немесе ату жазасын берсін. Болмаса халықтың алдына беріп, қызымды қалай өртеді, солай өртеу керек. Не істеп қойды менің қызымды өртеп тастайтындай. Сот жабық түрде өтеді дейді, мен соттың ашық түрде өткенін қалаймын.", - дейді Аруайдың анасы Ләззат Семізбаева. Еске салайық, 24 сәуірде Қаратауда 2-сынып оқушысының денесі табылған еді. Күдікті үш күннен кейін ұсталған болатын.
30 сәуір 2019 ж. 2 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 321

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 416

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930