» » Сегіз қырлы Серікболсын

Сегіз қырлы Серікболсын

Туған жер уақыт пен талапқа қарамастан қашанда ыстық. Балалығыңның балдай күндері өткен өлкеге ғашық болмау мүмкін емес. Тау-тасы мен қырларын бес саусағындай білетін өңірмен өміріңнің ең жарқын сәттері ұштасары сөзсіз. Ал сол кіндік қаның тамған жерге қызмет ету, оның өсуі мен өркендеуіне титтей болса да үлес қосу – әр азаматтың арманы. Міне, сол арманды мақсатқа айналдырғанның бірі – Серікболсын Бекболатұлы.

28 жастағы Серікболсын Жосалының тумасы. Қазір ол туған ауданының халқына құжаттарды рәсімдеу мен оған қол жеткізуіне қызмет етеді. Яғни, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында маман. 2014 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ды "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Ал 2017 жылы осы оқу орнынан "Экономика және бизнес магистрінің" академиялық дәрежесін алған.
– Ата-анам бала кезімнен біреудің ала жібін аттама деп өсірді. Содан болар әр бастар ісімнің алдында саралап, дұрысы мен бұрысын ажыратып аламын. Одан бөлек, жан-жақты болып, әр саланың қыр-сырын білсем деймін. Сондықтан көп еңбектенемін, – дейді Серікболсын Мәденов.
Расында, ол бір саламен тұрақтап қалмаған. 2016 жылдан бері "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының белсендісі. Аудандық жастар мәслихатының депутаты. Өзі еңбек ететін салада бірнеше рет "Айдың үздік қызметкері" атанып, бөлім басшысының алғыс хатымен марапатталған. Облыстық және аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының және облыстық Жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен марапатталған.
Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің түлегі Қармақшының белсенді жастарының бірі. Ол ауданда жастар саясатын жүйелі дамытуға өз үлесін қосуда. Басты мақсаты – ауданды дамыту.
– Туған жерге қызмет еткенге не жетсін. Дамыған заманда өскен әрбір жастан түрлі идея табылады. Менің арманым жастар ауылға келсе, ауылдың дамуына тікелей ықпал етсе. Жүйелі жоспарларын жүзеге асырып, жаңа жобаларды бастаса, – дейді кейіпкеріміз.
Оның мұндай маңызды жоспарларын жақында өткен "Праймериз" партияішілік сайлауында байқадық. Серікболсын сол сайлауда бақ сынап көрді. Ауылды дамыту мен жетілдіру жолындағы тың идея және жобаларымен бөлісті. Әсіресе ауылға қажетті сала мамандарын даярлау, жаңа өндіріс орындарын ашу мен ауданда өндірілетін отандық өнімдерді экспорттау секілді аса маңызды мәселелерді көтерді.
Бүгінде Шұғыла Нұрлыбекқызымен отау құрған белсенді жас жолдасының тарапынан қолдау мен демеу аз емес екенін жасырмады. Өмірлік серігі ол қолға алған істерге демеу болып, өз пікірін ашық білдіріп отырады. Соның нәтижесінде отбасында жан-жақты зерделенген, оң нәтижелі шешім қабылданады.

P.S. Мақсат қоя білу оңай шығар, бірақ оны жүзеге асыру екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ал сондай жауапкершілігі мол жастар ел мен жердің дамуына аса қажет. Себебі болашақта елдің еңсесін көтеретін – осындай белсенді, елін сүйетін және оған қызмет ететін жастар.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ



17 қазан 2020 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031