» » Баспана сыйлаған бағдарлама

Баспана сыйлаған бағдарлама

«Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді». Иә, осыбір ән талайының жүрегін тебірентті. Қалаға арман қуып қанат қаққанмен туған жердің топырағы қашанда ыстық. Себебі, ауыл – қала тірегі. Сол тірегіміздің түлеп, гүлденуіне жастар қаншалықты үлес қосуда? Осыдан 11 жыл бұрын «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып, жас мамандар ауылға қарай қадам басқан-ды.

Ауылдағы көршінің баласы есік алдына су сеуіп жүр екен. Байқаймын, қашан көрсең де бос жүреді. Өзінің оқу бітіріп келгеніне жылға жуықтаған. Дипломы қолында, Алматының мықты деген оқу орнын тәмамдаған. Содан не керек, «Жұмысқа тұрдың ба?» деп сұрадым. Ол болса «Ой, жұмыс жоқ» деп қысқа қайырғаны бар. Жалғыз ол емес, көбінің айтатыны сол. Мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Болмаса «айлығы шайлығыма жетпейді» дейді. Осы жағдайды түзеу үшін Елбасының қолдауымен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жүзеге аса бастады. Әрине бұл алдымен жас маманды қолдаса, бір жағы ауылды түлетуде маңызды рөл атқаруда. Ал мемлекет басымдық берген «Дип¬ломмен ауылға» бағдарламасының жайы қалай? Аталмыш бағдарлама елді м嬬кен¬-дердегі маман тапшылығын шешуге қалай әсер етуде?
Ауданға, оның ішінде ауыл-аймақтарға медицина, білім беру мен мәдениет, спорт саласына білікті жас мамандар келуде. Жұмыс істеген талай жасқа бұл бағдарлама қолайлы болып отыр. Әрі баспаналы болып, болашағына нық қадаммен бағыт алуда. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйен¬сек, мамыр-маусым айларында 30 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Оның ішінде көш бастап тұрғаны – білім саласы. Бұл бағытта 11 маман үй алған. Екінші кезекте – денсаулық сақтау саласы. Сала бойынша 8 маманға үй алуға несие берілген. Одан соң спорт саласында 6, мәдениет саласы бойынша 3, агроөнеркәсіптік кешенінің 2 маманына баспана беріліпті. Биыл бағдарлама бойынша ауданға 330 050 мың теңге көлемінде қаржы қаралған. Демек, жыл соңына дейін 80 маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Бағдарлама бойынша қажет құжаттарын тапсырып, дипломын қолына ұстап ауылға келген жас мамандармен тілдескен болатынбыз. Мәдениет саласы бойынша баспаналы болған Азат Ысқақ «жастар мүмкіндіктен құр қалмауы тиіс» дейді. Бүгінде ол Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебінің фортепиано класында ұстаздық қызмет атқарады.
– Расымен, қазіргі уақыт – білімді жастардыкі. Олар мемлекет берген мол мүмкіндікті пайдалана білуі керек. Ата-анасы оқытып тоқытты. Сол алған мамандығын одан әрі жетілдіріп, өскелең ұрпақтың бойына сіңдіру керек. Артына жақсы із қалдыру әрбір жастың мақсаты болуы тиіс. Шыны керек, бүгінде «Дипломмен – ауылға» келген жастардың қатары көбеюде. Қуантарлығы осы. Ал мен таңдаған мамандық жаныма жақын, сырласым әрі арманымның бір бөлігі, – дейді сөз арасында жас маман.
Көрсетілген көмекке қол жеткізген маман бағдарлама шарты бойынша ауылдық жерде 3 жыл қызмет етуге, әр тоқсан сайын жұмыс орнынан тиісті орындарға анықтама өткізіп тұруға міндетті. Осы уақыт аралығында сатып алынған үйдің кепілде тұратынын да естен шығармауы қажет. «Судың да сұрауы барын» ескерсек, жас маман әрбір іске ұқыпты жә¬не жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сәйкесінше несиеге берілген осынша қаржыны қолға алған маманға артылатын міндет – ауылдың өркендеуіне үлес қосу және сапалы қызмет көрсету екенін ұмытпаған жөн.
Айта кететін жайт, жастарды жұмыспен қамту қашан да басты мәселе екені анық. Онымен күресте «Дипломмен – ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту – 2020», «7-20-25», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» секілді бағдарламалар қолға алынған.

Түйін

Мемлекет әрдайым жұмыс істеймін, еңбек етемін деген жанға қолдау көрсетуде. Жалқаулыққа салынып, үкімет маған тағы не береді деп қарап отыруға болмайды. Ендеше, жас маман дипломыңды қолға ал да, ауылға қарай бет түзе!

Айнұр ӘЛИ

04 тамыз 2020 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 196

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930