» » ЖҮЙЕЛІ ТІРЛІК ӨРІСКЕ БАСТАЙДЫ

ЖҮЙЕЛІ ТІРЛІК ӨРІСКЕ БАСТАЙДЫ

Халық – Алланың бір аты. Оған мүлтіксіз қызмет ету – әмбенің ісі. Бата мен алғыстың үлкені де осы – халықтан. 2007 жылға дейін бір қағаз үшін бірнеше есікті тоздырып, әбігерге түсетін тұрғындар «Бір терезе» қағидатымен қызмет алатын болды.


Мемлекет басшысы 2005 жылдың 18-ақпанында «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Осыған сәйкес, ҚР Үкіметінің 2007 жылдың 5-қаңтардағы ҚР Әділет министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтарын – мемлекеттік мекемелерін құру» туралы қаулысының негізінде облыстарда «Бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылып, жұмысын бастады. Соның бірі – Қармақшы аудандық бөлімі 2007 жылдың 21-желтоқсанында салтанатпен ашылып, «Бір терезе» қағидаты бойынша өңір тұрғындарына қызмет көрсетуде. Орталықтың биліктің халыққа деген құрметін көрсетуде, азаматтардың билікке көзқарасын қалыптастыруда ықпалы зор. Сондай-ақ, қызмет көрсету сапасын жетілдіруде мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бизнес-үдерісін оңтайландыру және оларды автоматтандыру бойынша іс-шара іске асуда. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөліміне Әмір Сағатов басшылық етуде. Орталықта 12 қызметкер халыққа қызмет көрсетеді.
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы ҚР Үкіметінің 2016 жылдың 29-қаңтардағы №39 қаулысымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылып, 2016 жылдың 8-сәуірінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамында жұмыс істеуде. Қызметкерлер Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы негізінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытуда. Атап айтсақ, халықтың компьютерлік сауатын арттыруда бөлім ішінен «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы ашылып, тұтынушыларға «электрондық үкіметтің» веб-порталы сервисі мен электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану бойынша кеңес беру, сондай-ақ, азаматтарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті өзіне-өзі алу мүмкіндігін үйрету жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларына, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік емес ұйым қызметкерлеріне семинар ұйымдастырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталы сервисін және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану бойынша кеңестер берілуде, – дейді бөлім басшысы Ә.Қуандықұлы.
Аталған корпорацияда 598 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, электрондық үкімет порталы арқылы 454 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Үстіміздегі жылдың есепті мерзімінде тұтынушы азаматтардан «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен 44 254 өтініш қанағаттандырылған. ЭҮП арқылы 50 мыңнан аса қызмет ұсынылған.
Жалпы, қай жерде де жұмыс сапасы білікті маманға байланысты. Бұл тұрғыда бөлімде маман біліктілігі әркез сарапқа салынады. Биыл бөлім қызметкерлері Серікболсын Мәденов, Жансая Ермаханова, Ұлдана Жетпісбаева, Сақтаған Құрақовтар облыста халыққа сапалы қызмет көрсету динамикасы бойынша 2-ші және 3-ші орынға ие болып, үздіктер қатарынан көрінді. Мұнымен бірге, бөлім мамандары қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі мәдени, спорттық шараларға қатысып, жүлдегер атанды. Мысалы, жетекші маманы Әсемкүл Бегімова Астана күні, маман Ақылжан Ералиев ҚР Конституциясы күні мерекелерінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының алғыс хатымен марапатталды. Бөлімде жетістігімен көзге түсіп жүрген жастар да жетерлік. Соның бірі – Жүсіп Мырзагелдиев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының, Қалилулла Қожахметов аудан әкімінің алғыс хатымен мадақталды. Бөлім қызметкерлері саламатты өмір салтын ұстанады. Шағын футболдан өткен «Біз бір командамыз» атты облыстық турнирде қармақшылықтар І орынды жеңіп алды.
Рас, уақыт – емші де, сыншы да. Он жылдан аса халыққа қызмет етіп келе жатқан бөлім уақыт сынынан сүрінбей өтті деуге негіз бар. Өйткені, Елбасы тапсырмасымен іске асып жатқан «Бір терезе» жобасының қоғамға тиімділігі толық дәлелденіп отыр. Бұл ретте, «әрі қарай да халыққа жемісті еңбек ете береміз», – дейді бөлімдегілер.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
27 желтоқсан 2018 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031