» » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА 40-ТАН АСА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БАР

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА 40-ТАН АСА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БАР

Қызылордаға жұмыс сапарымен келген республикалық арнайы мониторингтік топ өкілдері Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

  Аймақ басшысының қолдауымен 2017 жылдың 30 қаңтарында ашылған "Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" КММ 40-тан аса қызмет түрлерін көрсетеді.
Қазіргі таңда орталықтың қызметін «бір терезе қағидаты» бойынша «Көші-қон» қызметінің, «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ қызметкерлері толықтыруда. Атап айтқанда, «Көші-қон» қызметі Байқоңыр инвестициялық форумға келген шетелдік делегаттардың визалық құжаттарын рәсімдеді, яғни инвесторлармен кәсіпкерлерге визалық рәсімдеу жұмыстарына көмек көрсетеді.
  Сонымен қатар, облыстың аудандық орталықтарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету 2017 жылдың 22 мамырынан бастап жүзеге асырыла бастады. Орталық негізінен кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидатымен рұқсат құжаттарын алуға кеңес береді және көмек көрсетеді. Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвесторлар тарту, облыста кәсіпкерлер санын арттыруға және олардың жобаларына қолдау жасап, сүйемелдеуді, өңірлік және мемлекеттік бағдарламалары жөнінде кеңес беруді жүзеге асырады.

20 сәуір 2018 ж. 1 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 890
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 547

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930