» » У ішіп жүрміз бе?

У ішіп жүрміз бе?

ЕРЕСЕК АДАМНЫҢ ӘРБІР КҮНІ САН ТҮРЛІ ӘРЕКЕТКЕ ТОЛЫ. ЖҰМЫС ІСТЕУ, ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ КҮШТІ КӨП ЖҰМСАЙДЫ. ТЫНЫҒЫП АЛУҒА ЕҢ ОҢТАЙЛЫСЫ – ҰЙҚЫ. ДЕСЕ ДЕ ҰЙҚЫҒА УАҚЫТ ҚАЙ КЕЗДЕ ДЕ БОЛА БЕРМЕЙДІ. СОНДЫҚТАН АДАМДАР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН САЛҚЫН ДУШ, СПОРТ НЕМЕСЕ КОФЕНІ ТАҢДАЙДЫ. АЛ ҚАЗІРГІ ТАҢДА АДАМНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН КӨП ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАТ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН. РАСЫМЕН БҰЛ СУСЫНДЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР ҚАТАРЫ КӨП. АЛАЙДА, БІРЕР САҒАТҚА КҮШ БЕРЕТІН СУСЫННЫҢ АУРУ ТУДЫРАТЫН КҮШКЕ ИЕ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?


Жалпы бұл сусынды ХХ ғасырдың бірінші жартысында ағылшындық Смит-Кляйн Бичамон ойлап тапқан. Ол өзінің сусынын спортшылардың күшін арттыруы үшін пайдаланып, соңында тұтынғандар уланып қалады. Бірақ, одан сусынға деген сұраныс азаймайды. Алпысыншы жылдары жапондықтар Бичамон тәжірибесімен кезекті сусынды ойлап табады. Кейінірек Еуропа елдерінде сусын шығару қолға алынып, Дитрих Матешецтің "РедБулл" атты өнімі нарықта танымалдылыққа ие. Сұраныстың артуы нәтижесінде аталған сусындардың аналогтары пайда болады.

Шығу тарихында да біраз қиындыққа тап болған сусын біздің күнге дейін жетіп, көптің қолданысына ие. Ал енді осы ес жидырар сусынның еселеп берер зиянына тоқталсақ.


Кофеин – адамның жүрек соғысын жиілетіп, жүйке жүйесінің жұмысын ілгерілетеді. Мәселен, бір шыны шай немесе кофеден кейін адам өзін жайлы сезіне бастайды. Ал энергетикалық сусын құрамында кофеин өте көп. Соның әрекетінен адамның белсенділігі артып, өзін жайлы сезінеді. Алайда, көп мөлшерде тұтынған кофеин депрессияға, ұйқысыздыққа және ең сорақысы жүрек қан тамырларының жұмысын тоқтатуға әкеп соқтыруы мүмкін. Күн сайын кофеиннің бір күндік мөлшерін тұтынса іш түйіліп, асқазан ауырып, тіпті кейде жүрек тоқтап қалады.

Таурин – адам организмінде аз мөлшерде бөлінетін аминқышқылы. Оны медицинада көбіне қатерлі ауру кезінде қолданады. Ал біз атаған сусында оның мөлшері 400-1000 мг дейін жетеді.

Гуарана мен женшень де энергетикалық сусынның құрамында. Бұл заттар да кофеин секілді адамның өзін жақсы сезінуіне әсер етеді. Ал оны көп пайдаланған жағдайда, ұйқысыздық пен жүйке аурулары пайда болады.

Зиянды сусын белсенділікті арттырғанымен оның түрлі ауру тудыратынын ұмытуға болмайды. Энергетикалық сусын жүйке жүйесінде эндорфин (бақыт гормоны) тудырады. Яғни, көп тұтынғанға ағза үйреніп, гормон жетіспеген жағдайда күйзеліспен ауырады. Ал күйзелісті қарапайым ауру деуге мүлде келмейді. Сусынды көп пайдалану жазылмайтын ауруға шалдықтырады. Мәселен, құрамындағы қанттың әсерінен адам қанындағы қант мөлшері көбейіп, нәтижесінде қысымның түсуінен инфаркт немесе инсульт ауруына әкеледі. Сусынды балаға, жүкті әйелге, жасөспірім мен созылмалы ауруы барларға пайдалануға мүлде болмайды.

P.S.
Пайдасынан гөрі зияны еселі сусынды көп тұтынбаған жөн. Одан гөрі 1-2 кесе қою кофені ішіп, белсенділікті арттырған дұрыс. Ең оңтайлысы, ағзаға көп күш салмай, уақытылы демалып, дене белсенділігін арттыру. Денсаулықтан артық ештеңе жоқ бұл өмірде. Сол себептен басты байлықты барынша жақсы сақтап, бей-жай қарамау керек. Бірер сағаттық белсенділік жазылмас дертке әкелмесін...

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
25 тамыз 2020 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031