» » Денсаулықты жақсартатын сусындар

Денсаулықты жақсартатын сусындар


Ағзаны тек пайдалы тағамдармен нәрлендіру қажет. Сондықтан назарларыңызға денсаулықты сақтауға көмектесетін сусын дайындау жолын ұсынамыз.
1. Алма мен даршын
Бір алманы ұсақтап тураңыз. 500 мл ыстық су құйып, 1 шай қасық ұнтақталған даршын қосыңыз. Сусынды салқындатып, күні бойы ішіп тұрыңыз.

Алма мен даршын қоспасы зат алмасу қызметін жақсартып, ішек, асқазанды тазартады.

2. Лимон шырыны, жанжабіл, бал
2 ас қасық лимон шырынын 200 мл жылы сумен араластырыңыз. Оған 1 шай қасық табиғи бал мен бір шымшым ұнтақталған жанжабіл қосыңыз.

Бұл сусынды таңертең аш күйде ішу керек. Жарты сағаттан соң тамақтануға болады. Бұл қоспа ас қорыту жүйесін тазартып, тамырларды қатайтып, ағзаны қуаттайды.

3. Жанжабіл сусыны
3-4 см жанжабіл тамырын қабығынан тазартып, ұсақтап кесіңіз. Үстіне 1 литр ыстық су құйып, орташа отқа қойып, 10 минут қайнатыңыз. Сусынды сүзіп алыңыз.

Қоспа суыған соң бір шымшым ұнтақталған даршын мен бірнеше ас қасық итмұрын сиропын қосыңыз.

Күні бойы 100-150 мл-ден ішіп тұрыңыз. Жарты сағаттан кейін тамақтануға болады.

Бұл сусын ас қорыту қызметін жақсартып, ағзаны тазартуға көмектеседі.

4. Көкөніс шырыны
1 қызылша, 2 алма, 4 балдыркөк бұтақшаларынан шырын дайындаңыз. Күніне екі рет 1 ас қасығынан ішіп тұрыңыз. Жарты сағаттан кейін тамақтануға болады.

5. Денсаулық коктейлі
1 апельсин, 1 лимон мен 1 сәбізден шырын дайындаңыз. Бұл қоспаға 100 мл минералды су қосып, араластырыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда, аш күйде ішіңіз.

6. Қияр мен балдыркөк
1 қияр мен балдыркөк тамырын ұсақтап, кесіңіз. Оған 300 мл су қосыңыз. Бұл сусынды күні бойы ішу керек.
anabol.kz
02 маусым 2019 ж. 1 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031