» » Бетті жасартуға арналған 3 маска

Бетті жасартуға арналған 3 маска

Картоп крахмалы - бетті жасартуға жақсы көмектесетін ингредиенттің бірі. Маска үй жағдайында жасауға арналған.  Бірінші рецепт. 1 ас қасық картоп крахмалын 1 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық шабдалы майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, бетке жұқа етіп жағыңыз. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Екінші рецепт. 1 ас қасық картоп крахмалын жылы, таза, қайнаған сумен қою қоспа болғанға дейін араластырыңыз. Оған жұмыртқаның ағы мен аздап лимон шырынын қосыңыз. Дайын қоспаны бетке жағып, 30-40 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы бетіңіз майлы болса қолданыңыз.  Үшінші рецепт. 1 ас қасық крахмалды 1 шай қасық ас тұзымен араластырыңыз. Оған жылы сүт қосып, ботқаға айналғанға дейін араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық қою бал қосыңыз. Бетке жұқа етіп жағып, жарты сағаттан соң, жылы сумен жуу керек. 

30 маусым 2018 ж. 2 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031