» » Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау

Бетке арналған масканы үй жағдайында жасау

Қазіргі күні бетке арналған масканың сан түрлісі бар. Соның ішіндегі бетіңізді ылғалдандыруға, жасартуға және сергітуге көмектесетін масканың бірі – көк шайдан жасалатын маскалар. Маскаларды жасауда тек сапалы көк шайды пайдаланыңыз. 1. Көздің шаршауын басу үшін Суып қалған шай пакетін не шығарылған шай қалдықтарын көзіңіздің қабағына қойыңыз. 2-3 минуттың ішінде бұл маска көздің шаршауын, ісуін басады. 2. Көздің ісінуін басу үшін Шығарылған шайдың қалдықтарын үй қаймағымен араластырыңыз. Дәке сүрткішінің көмегімен көзіңізге 5-8 минутқа қойып жатыңыз. 3. Құрғақ бет үшін Қайнаған қою шайға табиғи қою балды қосыңыз. Масканы бетіңізге бір тегіс етіп жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. 4. Майлы не жартылай майлы бет үшін 1 ас қасық ашытқы мен 1 ас қасық құрғақ шайға аздап қайнаған су қосып, араластырыңыз. Оны 15-20 минут тұндырыңыз. Уақыт өткен соң араластырып, дайын қоспаға 1 шай қасық лимон шырынын қосыңыз. Масканы бір тегіс етіп бетке жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Масканы жылы көк шайымен жуып тастаңыз. 5. Әжімдерге қарсы маска Жұмыртқаның саруызын көпіршітіп, 1 ас қасық ұн мен қою көк шайды қосып, араластырыңыз. Бұл қоспаны бетіңізге жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуынып, кез келген нәрлендіргіш иісмайды жағып қойыңыз. 6. Жартылай майлы, жартылай құрғақ бет үшін 1 ас қасық құрғақ көк шайды ұнтақтаңыз. Оған 1 шай қасық зәйтүн майын, 3 ас қасық айран мен 2 шай қасық бидай ұнын қосып, біртұтас болғанша араластырыңыз. Бетке жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз. 7. Майлы бет үшін 1 ас қасық құрғақ көк шайды ұнтақтаңыз. Оған 3 ас қасық айран не йогурт пен 2 шай қасық бидай ұнын немесе крахмал қосып, біртұтас болғанша араластырыңыз. Бетке жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз. 8. Құрғақ бет үшін 1 ас қасық құрғақ көк шайды ұнтақтаңыз. Оған 3 ас қасық сүт пен 2 шай қасық бидай ұнын немесе крахмал қосып, біртұтас болғанша араластырыңыз. Бетке жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз. 9. Бетті жұмсарту үшін 1 ас қасық ұсақ жапырақты көк шайға жарты стақан қайнаған су құйып, қақпақпен жауып, 5 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң 1 ас қасық қаймақ қосып, араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 15 минут күтіңіз. Жылы сумен шайып тастаңыз. 10. Майлы бет үшін Жұмыртқаның ағуызын көпіршітіп, 2 ас қасық қою көк шаймен араластырыңыз. Оған 1 шай қасық лимон шырыны мен 1 ас қасық ұнтақталған сұлы қауызын қосып, араластырыңыз. Масканы молынан бетіңізге жағып, 15 минуттан кейін салқындау сумен жуып тастаңыз.

01 маусым 2018 ж. 2 419 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 16:27
Will Keflex Treat Mrsa Kamagra Livraison Rapide achat levitra au usa Levitra Generika Cialis Para Hombres Comprar Viagra Barcelona

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031