» » Безеуден құтылудың әдістері

Безеуден құтылудың әдістері

Көптеген жастың мәселесі – безеуден құтылу. Бетіңіздің ажарын бұзып, саны күннен -күнге көбейіп бара жатқан безеуді емдеудің неше түрлі тәсілі бар. Біз сіздерге қиярдың көмегімен безеуді емдеудің амалдарын ұсынамыз. 1. Құрамында жұмыртқа ағы мен қияр бар маска Бетіңіз майлы болса, осы масканы таңдағаныңыз жөн. Бетіңізді тазартып, ұсақ тесіктерді тарылтып, қабынуды басады. Жұмыртқаның ағын көпіршітіп қойыңыз. Қиярды блендерден өткізіп, ұсақтаңыз, одан екі ас қасық алып, жұмыртқа ағымен араластырыңыз. Бірден бетіңізге жағып, салқындау сумен жуып тастаңыз 2. Құрамында лимон мен қияр бар маска Бір шай қасық лимон шырынын екі ас қасық ұсақталған қиярмен араластырыңыз. Бұл қоспаны безеулерге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Салқындау сумен жуып тастаңыз. 3. Қайнаған су көмегімен жасалатын маска Ұсақталған қиярдан 2 ас қасықты жарты стақан қайнаған суға салып, қаранғы жерге 3-4 сағатқа қалдыру керек. Аталған уақыт өткен соң қиярды сүзіп алып, бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Салқындау сумен жуып тастаңыз. Ғасырлар бойы қиярды бетті тазарту мен күтуге арналған басты құралдардың бірі ретінде санайды. Дұрыс қолданудың нәтижесі болатынына күмән жоқ.
31 мамыр 2018 ж. 2 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 773
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 134

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930