» » Қыздарға пайдалы кеңес

Қыздарға пайдалы кеңес

Үй жағдайында шашты қалай күтеміз? Кем дегенде аптасына бір рет сіз шашыңызға арнайы күтім жасауыңыз керек. Көптеген қыздар үй жағдайындағы шаралар жайлы білмей жатады. Сол себепті назарларыңызға пайдалы әрі оңай кеңестер ұсынамын: 1. Жұмыртқаның сарысын бірнеше ас қасық арзандау бір коньякпен араластырыңыз. Шашқа жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаңыз. 2. Шашқа, бас терісіне айран, майонез немесе простокваша жағуға болады. Содан соң полиэтиленді пакетпен, жылы орамалмен орап, 20 минут күту керек. Қоспаны шөптерден жасалған қайнатпамен жуып, шаюға болады. Бұл маска шашыңызды тазартып, нәрлендіреді. 3. Әдетте пайдаланатын сусабыныңызға 1 жұмыртқа, 1 ас қасық құрғақ желатин мен 1 шай қасық коньяк қосыңыз. Ақырындап көпіршітіп, бір тұтас қоспа болғанынша араластырыңыз. Бұл қоспамен басыңызды жуыңыз. Желатин мен жұмыртқаның құрамындағы ағуыз шашыңызды қалың әрі жылтыр етеді. Бет теріңіз сәбидікіндей нәзік болғанын қаласаңыз, мына кеңесті жадыңызда сақтаңыз. Бір бананды жақсылап езесіз. Оған 1 ас қасық қаймақ және 1 жұмыртқаның сарысын қосасыз. Масканы жуылған таза бетке жағып шығасыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Жуынатын суға не қосуға болады? Келбетке жасалған күтім ең алдымен өзіңізге деген сенім мен махаббатты білдіреді. Спа процедурасын ваннадан бастаған жөн. Суға түсер алдында оған не қосуға болады? Теңіз тұзы Теңіз тұзы теріні жасартады. Тершеңдіктен және целлюлиттен арыласыз. Ол үшін теңіз тұзының бір қалташасын ыстық су ағынының астына қойыңыз. Мұндай ваннаны аптасына екі рет қабылдаған жөн. Тұзды ванна ауыр күннен соң денені босаңсытады әрі артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Айнұр ӘЛИ
28 сәуір 2018 ж. 2 526 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 06:22
Cialis Acquisto Online Sicuro Hydrochlorothiazide Aldoril Secure Medicine cialis Keflex And Conception

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031