» » Ажарыңызды тоздырмаудың сыры

Ажарыңызды тоздырмаудың сыры

Кез келген ару мәңгі жас, сұлу болғысы келеді. Алайда уақыт бізге бағынышты емес. Сонда да, белгілі бір әдістер арқылы ажарымыздың жас қалпын ұзағырақ сақтауға болады. Назарларыңызға осы мақсатқа бағытталған маска түрлерін ұсынамыз: 1. Қырмызы маскасы 1 ас қасық сәби сеппесін қырмызы тұнбасымен қоюланғанша араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң дымқыл майлықпен сүртіп тастаңыз. 2. Бүлдірген немесе құлпынай маскасы 3-5 жидекті алып, ақырындап бетіңізге езіңіз. 5-10 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. 3. Шай маскасы 3 ас қасық көк шайды ұнтақтап, 2 шай қасық крахмал, 2 ас қасық айран мен жарты шай қасық зәйтүн майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен бетіңізді тазалап, жуыңыз. Көк шай қан тамырлары қабырғаларын қатайтса, зәйтүн майы бетіңізді жұмсартып, крахмал терідегі ұсақ тесіктерді тазартады. 4. Алоэ мен лимон маскасы Жұмыртқаның ағын салқындатып алыңыз. Алоэ шырынының 1 ас қасығын жұмыртқаның ағы және лимон шырынымен араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағыңыз. Құрғаған соң тағы бір қабат жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Жылы суға малынған мақтамен масканы сүртіп тастаңыз. Бетіңізді салқындау сумен жуыңыз. Бұл маска бетіңізді ағартып, әжімдерді жазып, бетіңізді тегістейді. 5. Бал маскасы Алоэның үлкендеу жапырағын ұнтақтаңыз. Оған 1 шай қасық бал мен 1 ас қасық сүт қосып, араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. 6. Картоп езбесінен жасалатын маска 2 ас қасық картоп езбесін жылытып, бетіңізге жағыңыз. Құрамында май болмауы керек екенін ескеріңіз. 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. 7. Қыша маскасы 1 шай қасық құрғақ қышаны 2 шай қасық өсімдік майымен араластырыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 5-6 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. 8. Сұлы қауызының маскасы 2 ас қасық сұлы қауызын жылы сүтке салып, жарты шай қасық балмен араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Аталған масканы жасап болған соң, бетіңізді ақжелкен қайнатпасымен шайып алыңыз. Сондай-ақ бұл қайнатпаны мұз қатырғыштарға құйып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Күнде таңертең бетіңізді мұзбен сүртіп, сергітіп алыңыз. Бет күтіміне уақыт бөлу керек екенін ұмытпағайсыз, арулар!

15 маусым 2018 ж. 1 409 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 07:56
Amoxicillin And Blood Pressure Ciprofloxacin Online Without A Prescia Malegra Dxt Canada cialis for sale Propecia Vergessen Einzunehmen Cialis Kaufen Hannover

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031